О внесении изменений в решение Щербактинского районного маслихата от 20 октября 2017 года № 90/27 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Щербактинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Щербактинского районного маслихата от 20 октября 2017 года № 90/27 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Щербактинского района»
- Атауы (қаз.)
- Шарбақты аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қазандағы «Шарбақты ауданының Құрмет грамотасымен наградтау Ережесін бекіту туралы» № 90/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 38/13
- Қабылданған күні
- 17.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 17.11.2023 188546_665204.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23PM74161M
- ЭКБ идентификаторы
- 188546
- Редакция идентификаторы
- 188546_665204
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:38
0 Шарбақты аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қазандағы
«Шарбақты ауданының Құрмет грамотасымен наградтау Ережесін бекіту туралы» № 90/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қазандағы «Шарбақты ауданының Құрмет грамотасымен наградтау Ережесін бекіту туралы» № 90/27 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5669 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы шешіммен бекітілген Шарбақты аудандық мәслихатының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережеде:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Белгіленген үлгідегі наградтау парағында наградталушының жеке басын, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін, оның нақты сіңірген еңбектерін сипаттайтын мәліметтер, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.
Наградтау парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды.»;
6, 7-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Шарбақты ауданының Құрмет грамотасымен наградтау Ережесін бекіту туралы шешім Шарбақты аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.
Құрмет грамотасына аудандық мәслихаттың төрағасы және Шарбақты ауданының әкімі қол қояды.
Құрмет грамотасын тапсыру алдында наградтау туралы шешім жарияланады.
7. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде наградталушыға жеке табыс етіледі. Құрмет грамотасын әкім және (немесе) аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсыры бойынша тұлға табыс етеді.».