Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Кызылординского городского маслихата от 20 сентября 2017 года №106-16/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 213-36/2 · қабылданған 11.02.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2017-no106-164-ekb-129227/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Кызылординского городского маслихата от 20 сентября 2017 года №106-16/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 213-36/2 ·11.02.2019
23.08.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Кызылординского городского маслихата от 20 сентября 2017 года №106-16/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 213-36/2 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Кызылординского городского маслихата от 20 сентября 2017 года №106-16/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
«Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі №106-16/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
213-36/2
Қабылданған күні
11.02.2019
Көрсетілген редакция
23.08.2019 129227_418977.kaz
Соңғы өзгеріс
23.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19LA006697
ЭКБ идентификаторы
129227
Редакция идентификаторы
129227_418977
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:08

0 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және

мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының
2017 жылғы 20 қыркүйектегі №106-16/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы
№504 қаулысына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы

20 қыркүйектегі №106-16/4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5981 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы
13 қазанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
2-тармақтың 8), 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) уәкілетті ұйым – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы»;
5-тармақтың 3) тармақшасының алтыншы, жетінші абзацтарындағы
«30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет» деген сөздерден кейін «және материалдық көмек ретінде біржолғы 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздермен толықтырылсын.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________ Т.Дүйсебаев

Қолданыстағы