О внесении изменении и дополнении в решение Кармакшинского районного маслихата от 20 сентября 2017 года №117 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменении и дополнении в решение Кармакшинского районного маслихата от 20 сентября 2017 года №117 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі №117 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 232
- Қабылданған күні
- 15.02.2019
- Көрсетілген редакция
- 16.02.2021 129352_510347.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19LE006703
- ЭКБ идентификаторы
- 129352
- Редакция идентификаторы
- 129352_510347
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:05
0 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі №117 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабының 2-3- тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі №117 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5983 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 20 қазанда жарияланған) келесідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау» Қағидаларында:
2-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«9) уәкілетті ұйым - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Қармақшы аудандық бөлімшесі»;
5-тармақтың 3) тармақшасының алтыншы, жетінші абзацтары «30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет» деген сөздерден кейін «және 2019 жылдың 15 ақпанында Ауғанстан аумағынан совет әскерлерін шығару күніне 30 жыл толуына орай материалдық көмек ретінде бір дүркін 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздермен толықтырылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы»
мемлекеттік мекемесі