Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Астаны от 20 июля 2017 года №166/21-VI «О Правилах благоустройства территории города Астаны»

Ереже · № 200/24-VI · қабылданған 22.11.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2017-no16621-vi/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Астаны от 20 июля 2017 года №166/21-VI «О Правилах благоустройства территории города Астаны» Күшін жойған Ереже ·№ 200/24-VI ·22.11.2017
02.10.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Астаны от 20 июля 2017 года №166/21-VI «О Правилах благоустройства территории города Астаны»

Күшін жойған Ереже ·№ 200/24-VI · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Астаны от 20 июля 2017 года №166/21-VI «О Правилах благоустройства территории города Астаны»
Атауы (қаз.)
Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі №166/21-VI «Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
200/24-VI
Қабылданған күні
22.11.2017
Көрсетілген редакция
02.10.2024 116437_723596.kaz
Соңғы өзгеріс
02.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17AAZ01146
ЭКБ идентификаторы
116437
Редакция идентификаторы
116437_723596
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:12

0 Астана қаласы мәслихатының

2017 жылғы 20 шілдедегі №166/21-VI
«Астана қаласының аумағын
абаттандыру қағидалары туралы»
шешіміне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 6-бабының 1- тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі №166/21-VI «Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидалары туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1125 болып тіркелген, 2017 жылдың 9 қыркүйегінде «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидаларында:
2-бөлімінің 71-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«71. Қатты тұрмыстық қалдықтардың меншік иелері қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесін немесе қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе қалдықтарды жою бойынша операцияларды орындайтын субъектілердің қызметтерін пайдалануы тиіс, не осы Қағидалардың 71-1, 71-2, 71-3-тармақтарына сәйкес қалдықтарды орналастыру және жою бойынша операцияларды дербес жүзеге асыруға міндетті.»;
2-бөлім мынадай мазмұндағы 71-1, 71-2, 71-3-тармақтармен толықтырылсын:
«71-1. Қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесін меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде тұратын немесе орналасқан жеке және заңды тұлғалар пайдаланады.
Қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі әкімдікпен Астана

қаласының аумағынан қоқыс шығаратын ұйымдарды анықтау бойынша конкурс өткізу арқылы ұйымдастырылады.
71-2. Меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде орналаспаған және меншікті контейнерлік алаңдары жоқ жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру бойынша операцияларды орындайтын субъектілермен шарттар жасауға құқылы.
71-3. Меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар Астана қаласының аумағында қалдықтарды кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру бойынша операцияларды орындайтын мамандандырылған субъектілермен шарттар жасасқан жағдайда қалдықтарды орналастыру және жою бойынша операцияларды жүзеге асыруы мүмкін.».

2 2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Астана қаласының Коммуналдықшаруашылық басқармасы» (КШБ)мемлекеттік мекемесінің басшысының міндетін атқарушы
И. Алексеев
«Астана қаласының Табиғиресурстар және табиғаттыпайдалануды реттеу басқармасы»(ТРжТПРБ) мемлекеттік мекемесінің басшысыны
М. Танабаев
Астана қаласының ПИК ассоциациясы төрағасы
М. Кинжибаев

Қолданыстағы