О внесении дополнения в решение Сарысуского районного маслихата от 20 декабря 2017 года №25-6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сарысускому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решение Сарысуского районного маслихата от 20 декабря 2017 года №25-6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сарысускому району»
- Атауы (қаз.)
- «Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айкындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 25-6 шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 54-2
- Қабылданған күні
- 31.05.2019
- Қолданысқа енгізілген күні
- 20.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 07.04.2021 132402_517968.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19GI004256
- ЭКБ идентификаторы
- 132402
- Редакция идентификаторы
- 132402_517968
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:41
0 «Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін айкындаудың Қағидаларын бекіту
туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 25-6 шешіміне толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Занының 6 бабының 2-3 тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Сарысу аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 25-6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3669 болып тіркелген, 2018 жылдың 22 қаңтарында Қазақстан Республикасы электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары:
5-тармақтың 1) тармақшасы 1.4. абзацпен толықтырылсын:
«1.4. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 74 жылдығына байланысты атаулы және мереке күндеріне бір рет әлеуметтік көмекке қосымша біржолғы әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 150000 ( жүз елу мың) теңге көлемінде, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) 35 000 (отыз бес мың) теңге көлемінде және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы ҚСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым- 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы ҚСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 35 000 (отыз бес мың) теңге көлемінде көрсетілсін.».