О внесении изменений в решение Сарысуского районного маслихата от 20 декабря 2017 года №25-6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сарысускому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Сарысуского районного маслихата от 20 декабря 2017 года №25-6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сарысускому району»
- Атауы (қаз.)
- «Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айкындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 25-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 68-3
- Қабылданған күні
- 14.02.2020
- Қолданысқа енгізілген күні
- 06.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 07.04.2021 139721_517964.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20GI004507
- ЭКБ идентификаторы
- 139721
- Редакция идентификаторы
- 139721_517964
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:01
0 «Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айкындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 25-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Занының 6 бабының 2-3 тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Сарысу аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 25-6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3669 болып тіркелген, 2018 жылдың 22 қаңтарында Қазақстан Республикасы электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары:
5-тармақтың 1.1.) тармақшасындағы «150 000 (жүз елу мың)» деген сандар мен сөздер «300 000 (үш жүз мың)» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 1.2.) тармақшасындағы «15 000 (он бес мың)» деген сандар мен сөздер «30 000 (отыз мың)» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 1.3.) тармақшасындағы «15 000 (он бес мың)» деген сандар мен сөздер «30 000 (отыз мың)» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың 2) тармақшасындағы «30 000 (отыз мың)» деген сандар мен сөздер «50 000 (елу мың)» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.