О внесении изменения в постановление акимата Жалагашского района от 20 декабря 2017 года №262 “Об установления квоты рабочих мест для инвалидов на 2018 год”
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Жалагашского района от 20 декабря 2017 года №262 “Об установления квоты рабочих мест для инвалидов на 2018 год”
- Атауы (қаз.)
- “2018 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №262 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 79
- Қабылданған күні
- 19.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 19.04.2018 121419_318679.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18LF006283
- ЭКБ идентификаторы
- 121419
- Редакция идентификаторы
- 121419_318679
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:46
0 “2018 жылға мүгедектер үшін
жұмыс орындарына квота
белгілеу туралы” Жалағаш
ауданы әкімдігінің 2017 жылғы
20 желтоқсандағы №262 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. “2018 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №262 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі №6104 болып тіркелген, 2018 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және 2018 жылғы 9 қаңтарда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасымен белгіленген 2018 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квотада:
реттік нөмірі 1-жол жаңа редакцияда жазылсын:
“
1
“Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының “Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
997
4
2
”.