О внесении изменений в решение маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 20 марта 2018 года № 20/3 «О корректировке базовых ставок на земельный налог по Жамбылскому району Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 20 марта 2018 года № 20/3 «О корректировке базовых ставок на земельный налог по Жамбылскому району Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 20/3 «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3/3
- Қабылданған күні
- 31.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2021 155385_524782.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21SG007275
- ЭКБ идентификаторы
- 155385
- Редакция идентификаторы
- 155385_524782
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:52
0 Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының
2018 жылғы 20 наурыздағы № 20/3 «Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» 2018 жылғы 20 наурыздағы № 20/3 шешіміне (2018 жылы 11 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4638 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесінде және 1-тармағында Кодекстің 504-бабы алып тасталсын.