Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в решение Курчатовского городского маслихата от 20 июня 2018 года № 21/169-VI «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 4/30-VIII · қабылданған 23.05.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 10.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2018-no-21169-vi/on/2026-09-10/
Басып шығарылды 2026-09-10 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в решение Курчатовского городского маслихата от 20 июня 2018 года № 21/169-VI «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 4/30-VIII ·23.05.2023
27.12.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
10.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в решение Курчатовского городского маслихата от 20 июня 2018 года № 21/169-VI «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 4/30-VIII · 10.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в решение Курчатовского городского маслихата от 20 июня 2018 года № 21/169-VI «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 21/169-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4/30-VIII
Қабылданған күні
23.05.2023
Көрсетілген редакция
27.12.2023 182093_695337.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23FB008118
ЭКБ идентификаторы
182093
Редакция идентификаторы
182093_695337
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:50

0 Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы

№ 21/169-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 21/169-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-3-126 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың кағидаларында:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Абай облысының әкімдігімен бекітілген ережелер негізінде жүзеге асырады.»;
6-тармақ келесі мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе I және II дәрежелі «Батыр – ана» алқасымен марапатталған жасы бойынша зейнеткерлер, 1 және 2 топтағы мүгедектер, зейнеткерлік жасқа жеткен көп балалы аналар, «Ана даңқы» ордендерімен, 53 жасқа толған 8 жасқа дейінгі 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) әйелдер және 5 жастан кем емес төтенше және ең жоғары тәуекел аумақтарында тұрған азаматтар 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін жылына бір рет жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, санаториялық-курорттық жолдамалар беру арқылы жыл сайын санаториялық-курорттық емделумен қамтамасыз етілді.
Мүгедектігі бар баланы санаториялық-курорттық емдеуге алып баратын заңды өкілдердің біріне кепілдік берілген соманың 70 пайыз мөлшерінде шығындарын өтеуді қарастырсын.
9-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«амбулаториялық емдеуде жатқан туберкулезбен ауыратын науқастарға – 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
10-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгені құрайды.»;
11-тармақтың 4) тармақшасының:
бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға – 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге, сондай - ақ жергілікті бюджет қаражатынан қосымша 100 000 (жүз мың) теңге;»;
он бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 70 000 (жетпіс мың) теңге, оның ішінде: 50 000 (елу мың) теңге жергілікті бюджет қаражатынан және 20 000 (жиырма мың) теңге облыс бюджеті қаражатынан).».
11 тармақтың 6) тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндерде болған тұлғаларға – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»
13-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);»;
14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«Құжаттар салыстырып тексеру үшін төлнұсқамен ұсынылады, содан соң құжаттардың төлнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды.».

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы