О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 20 июля 2018 года № 22/188 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества сел и сельского округа Тупкараганского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 20 июля 2018 года № 22/188 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества сел и сельского округа Тупкараганского района»
- Атауы (қаз.)
- «Түпқараған ауданының ауылдарының және ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі № 22/188 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 26/130
- Қабылданған күні
- 17.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 24.07.2025 208319_767677.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25MF26130M
- ЭКБ идентификаторы
- 208319
- Редакция идентификаторы
- 208319_767677
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:35
0 «Түпқараған ауданының ауылдарының және ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі № 22/188 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Түпқараған ауданының ауылдарының және ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі №22/188 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3699 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Түпқараған ауданының ауылдарының және ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
2 тармақта:
1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;»;
4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«4) жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;».