О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 20 июля 2018 года № 22/189 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества города Форт-Шевченко»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 20 июля 2018 года № 22/189 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества города Форт-Шевченко»
- Атауы (қаз.)
- «Форт-Шевченко қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі № 22/189 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 26/131
- Қабылданған күні
- 17.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 24.07.2025 208316_767643.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25MF26131M
- ЭКБ идентификаторы
- 208316
- Редакция идентификаторы
- 208316_767643
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:35
0 «Форт-Шевченко қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі № 22/189 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Форт-Шевченко қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі №22/189 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3698 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Форт-Шевченко қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
2 тармақта:
1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;»;
4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«4) жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;