О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 20 февраля 2018 года № 250 «Об утверждении Правил создания, категорирования, классификации, а также норм положенности и типовых требований к обустройству и материально-техническому оснащению таможен, таможенных постов и контрольно-пропускных пунктов в части, не урегулированной таможенным законодательством Евразийского экономического союза, а также требований к обустройству и техническому оснащению элементов таможенной инфрас
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 20 февраля 2018 года № 250 «Об утверждении Правил создания, категорирования, классификации, а также норм положенности и типовых требований к обустройству и материально-техническому оснащению таможен, таможенных постов и контрольно-пропускных пунктов в части, не урегулированной таможенным законодательством Евразийского экономического союза, а также требований к обустройству и техническому оснащению элементов таможенной инфрас
- Атауы (қаз.)
- «Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында реттелмеген бөлігінде кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау қағидаларын, сондай-ақ оларды жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормаларын және оларға қойылатын үлгілік талаптарды, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары мен мемлекеттік кірістер органдарының жүйесіне кіретін мамандандырылған мемлекеттік мекемелер орналасқан жерлерде және аумағында кедендік операциялар
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 42
- Қабылданған күні
- 24.01.2025
- Көрсетілген редакция
- 24.01.2025 206792_742519.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.01.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500035677
- ЭКБ идентификаторы
- 206792
- Редакция идентификаторы
- 206792_742519
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:18
0
«Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында реттелмеген бөлігінде кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау қағидаларын, сондай-ақ оларды жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормаларын және оларға қойылатын үлгілік талаптарды, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары мен мемлекеттік кірістер органдарының жүйесіне кіретін мамандандырылған мемлекеттік мекемелер орналасқан жерлерде және аумағында кедендік операциялар жасалуы және кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін өзге жерлерде кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы
№ 250 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында реттелмеген бөлігінде кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау қағидаларын, сондай-ақ оларды жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормаларын және оларға қойылатын үлгілік талаптарды, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары мен мемлекеттік кірістер органдарының жүйесіне кіретін мамандандырылған мемлекеттік мекемелер орналасқан жерлерде және аумағында кедендік операциялар жасалуы және кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін өзге жерлерде кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 250 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16520 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 2-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және 16- бабының 4-тармағына сәйкес» БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілеген бұйрықпен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында реттелмеген бөлігінде кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау, жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында реттелмеген бөлігінде кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау, жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандыру қағидалары «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 2-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында реттелмеген бөлігінде кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау, жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандыру тәртібін айқындайды.»;
3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кедендер «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 159-бабының 1-тармағына сәйкес құрылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 44 -бабында белгіленген мерзім ішінде ұсынылған материалдарды қарайды және бастамашыға еркін нысандағы уәжделген қорытындыны жолдайды.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.