Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение акима Наурызбайского района города Алматы от 20 ноября 2018 года № 3 «Об образовании избирательных участков по Наурызбайскому району города Алматы»

Өзге акт · № 4 · қабылданған 15.02.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2018-no-3/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений в решение акима Наурызбайского района города Алматы от 20 ноября 2018 года № 3 «Об образовании избирательных участков по Наурызбайскому району города Алматы» Күшін жойған Өзге акт ·№ 4 ·15.02.2019
29.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение акима Наурызбайского района города Алматы от 20 ноября 2018 года № 3 «Об образовании избирательных участков по Наурызбайскому району города Алматы»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 4 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение акима Наурызбайского района города Алматы от 20 ноября 2018 года № 3 «Об образовании избирательных участков по Наурызбайскому району города Алматы»
Атауы (қаз.)
Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2018 жылғы 20 қарашадағы № 3 «Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4
Қабылданған күні
15.02.2019
Көрсетілген редакция
29.01.2020 129187_442182.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19RH001525
ЭКБ идентификаторы
129187
Редакция идентификаторы
129187_442182
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:06

0 Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің

2018 жылғы 20 қарашадағы № 3
«Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша
сайлау учаскелерін құру туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес, Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2018 жылғы 20 қарашадағы № 3 «Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2018 жылғы 21 қарашада № 1510 болып тiркелген, «Алматы ақшамы» газетiнiң 2018 жылғы 24 қарашадағы № 134 (5641) санында және «Вечерний Алматы» газетiнiң 2018 жылғы 24 қарашадағы № 142 (13463) санында жарияланған шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 1) аталған шешімнің № 1 қосымшасындағы № 561 сайлау учаскесінің орталығы осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.

2

2. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде, сондай-ақ Наурызбай ауданы әкімінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Наурызбай ауданы әкімі аппаратының басшысы М. Нысаналиевке жүктелсін.

4 4. Осы шешім, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Алматы қаласы аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы Ж. Асанова
«23» қаңтар 2019 жыл

6 № 561 Сайлау учаскесі (050006, Орталығы: «№ 1 қалалық клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Қалқаман шағынауданы, Әшімов көшесі, 2 үй).

Алматы қаласы
Наурызбай ауданы әкімінің
2019 жылғы «15» ақпандағы
№ 4 шешіміне қосымша
№ 561 Сайлау учаскесі
(050006, Орталығы: «№ 1 қалалық клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Қалқаман шағынауданы, Әшімов көшесі, 2 үй).
Шекарасы: Әшімов көшесінен бастап, Проектируемая көшесінің оңтүстік жақ бетімен Сағатов көшесіне өтіп, шығыс бағытта Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жақ жағалауымен оңтүстік бағытта Қалқаман-2 шағынауданының Байзақ батыр көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Байзақ батыр көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Қалқаман-2 шағынауданының Әйтей батыр көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Әйтей батыр көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Қалқаман-2 шағынауданының Құлбеков көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Құлбеков көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Қалқаман-2 шағынауданының Әшімов көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Әшімов көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Проектируемая көшесіне дейін.

Қолданыстағы