Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 сентября 2018 года № 384 «Об утверждении Положения о комиссии по формированию плана поставки сжиженного нефтяного газа на внутренний рынок Республики Казахстан»

Бұйрық · № 106-н/қ · қабылданған 28.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2018-no-384/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 сентября 2018 года № 384 «Об утверждении Положения о комиссии по формированию плана поставки сжиженного нефтяного газа на внутренний рынок Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 106-н/қ ·28.02.2025
28.02.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 сентября 2018 года № 384 «Об утверждении Положения о комиссии по формированию плана поставки сжиженного нефтяного газа на внутренний рынок Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 106-н/қ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 сентября 2018 года № 384 «Об утверждении Положения о комиссии по формированию плана поставки сжиженного нефтяного газа на внутренний рынок Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 384 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
106-н/қ
Қабылданған күні
28.02.2025
Көрсетілген редакция
28.02.2025 207560_747934.kaz
Соңғы өзгеріс
28.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035764
ЭКБ идентификаторы
207560
Редакция идентификаторы
207560_747934
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:51

0 «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің

2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 384 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 384 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17494 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 18-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Комиссияның құрамына газ және газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) өкілдерінен басқа, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қоғамдық кеңесінің өкілі, қоғамдық ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, саяси партиялардың және республикалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері (келісу бойынша) енгізіледі.
Комиссияның құрамына сұйытылған мұнай газын көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың, сұйытылған мұнай газын мұнай-газ химиясы өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың, сондай-ақ сұйытылған мұнай газы нарығында қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер қауымдастықтарының (одақтарының) және (немесе) заңды тұлғалардың өкілдері кірмейді.
Уәкілетті орган жыл сайын (мерзім комиссия құрамы бекітілген күннен бастап есептеледі) комиссия құрамын қайта қарайды және өзектілендіреді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы