Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра финансов Республики Казахстан от 20 апреля 2018 года № 480 «Об утверждении процедурного стандарта внутреннего государственного аудита и финансового контроля «Оценка эффективности деятельности служб внутреннего аудита»

Бұйрық · № 1346 · қабылданған 30.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2018-no-480/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра финансов Республики Казахстан от 20 апреля 2018 года № 480 «Об утверждении процедурного стандарта внутреннего государственного аудита и финансового контроля «Оценка эффективности деятельности служб внутреннего аудита» Қолданыста Бұйрық ·№ 1346 ·30.12.2022
30.12.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра финансов Республики Казахстан от 20 апреля 2018 года № 480 «Об утверждении процедурного стандарта внутреннего государственного аудита и финансового контроля «Оценка эффективности деятельности служб внутреннего аудита»

Қолданыста Бұйрық ·№ 1346 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра финансов Республики Казахстан от 20 апреля 2018 года № 480 «Об утверждении процедурного стандарта внутреннего государственного аудита и финансового контроля «Оценка эффективности деятельности служб внутреннего аудита»
Атауы (қаз.)
«Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау» ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 480 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1346
Қабылданған күні
30.12.2022
Көрсетілген редакция
30.12.2022 176620_611767.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200031517
ЭКБ идентификаторы
176620
Редакция идентификаторы
176620_611767
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:51

0 «Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау» ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 480 бұйрығына

өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау» ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 480 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16878 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау» ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. ІАҚ жұмысының тиімділігін бағалау:
ІАҚ жүргізетін бағалау;
ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін бағалау (бұдан әрі – уәкілетті органның бағалауы).
Мемлекеттік орган екінші жартыжылдықта қайта ұйымдастырылған, не құрылған жағдайда, осы мемлекеттік органда құрылған Ішкі аудит қызметі бағалауға жатпайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. ІАҚ жүргізетін бағалауын аудиторлық іс-шара жүргізуге аудиторлық тапсырмалар (бұдан әрі – аудиторлық тапсырма) негізінде ІАҚ жұмысын мониторингілеу және ІАҚ мемлекеттік аудиторлары жұмысының тиімділігін жылдық бағалау арқылы жыл сайын ІАҚ басшысы не оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.»;
9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын;
«9. ІАҚ мемлекеттік аудиторлары жұмысының тиімділігін жылдық бағалауы:»;
17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Уәкілетті орган жүргізетін бағалау мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:
жыл қорытындылары бойынша камералдық тәртіппен (бұдан әрі – камералдық тәртіппен бағалау);
жыл қортындысы бойынша камералдық тәртіппен бағалау нәтижелері негізінде жоспарлы тәртәппен бағалау (бұдан әрі – жоспарлы тәртіппен бағалау).
18. Камералдық тәртіппен бағалау ІАҚ жүргізілетін бағалау, жүргізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша ІАҚ жылдық есептік ақпаратын жинақтау және талдау нәтижелерінің негізінде ағымдағы режимде жүзеге асырылады.
Есептік ақпараттың толықтығы мен дұрыстығын ІАҚ басшылары не оларды алмастыратын адамдар қамтамасыз етеді.;
21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«21. ІАҚ жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше тиісті бағалауды шығарады:
100 балды қоса алғанда және одан жоғары – тиімді;
71 балдан 99 балды қоса алғанда – қанағаттанарлық;
70 балды қоса алғанда төмен – тиімсіз.
22. ІАҚ бағыттары, өлшемшарттары және көрсеткіштері бойынша бағалауды айқындау мақсатында растаушы құжаттары бар ақпарат уәкілетті органға жыл қорытындысы бойынша келесі жылдың 7 қаңтарынан кешіктірілмей жіберіледі.
Уәкілетті орган ІАҚ-ға жыл қорытындысы бойынша ІАҚ жұмысын бағалау нәтижелерін танысу үшін келесі жылдың 17 қаңтарынан кешіктірмей жібереді.
ІАҚ бағалауға өзінің қарсылықтарын, олар болған кезде, оларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде растайтын құжаттармен бірге уәкілетті органға жібереді.
ІАҚ жұмысын бағалауға қолда бар қарсылықтар оларды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде растайтын құжаттар болған кезде уәкілетті орган қарайды.
Растайтын құжаттар болмаған және олар Стандарттың осы тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін келіп түскен кезде ІАҚ жұмысын бағалауға қарсылық қарауға жатпайды.
ІАҚ жұмысын бағалауға қарсылықтарды қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган Стандарттың осы тармағынның төртінші бөлігінде белгіленген мерзімде негіздемелері бар қарсылықтарды қабылдау немесе қабылдамау туралы жауап жібереді.
23. Уәкілетті орган әрбір критерий мен бағалау көрсеткіштері бойынша жасалған түсіндірме жазбаны қоса алғанда, растайтын құжаттарды қоса бере отырып, ІАҚ қызметінің тиімділігін бағалауды және есептік ақпаратқа жүргізілген талдауды ескере отырып, ақпаратты жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы аудиторлық палатасына келесі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей жібереді.
Уәкілетті орган бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу кезінде камералдық тәртіпте бағалау нәтижелерін жоспарлы тәртіппен ескереді.
Уәкілетті органның есептік ақпаратын талдау мыналарды қамтиды:
1) осы Стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған ІАҚ жұмысын бағалаудың бағыттары мен өлшемшарттары бойынша бағалаудың салыстырма кестесі;
2) ІАҚ жұмысының тиімділігін бағалаудың барлық бағыттары бойынша жинақталған ақпарат;
3) камералдық тәртіппен бағалау нәтижелері бойынша ІАҚ рейтингі.
ІАҚ тиімді жұмысы және соңғы екі жылда ІАҚ жұмысын бағалау рейтингінде оның бірінші позицияны иелену кезінде, лауазымды адамға (органға) осы мемлекеттік ұйымның ІАҚ бірінші басшысын көтермелеу туралы ұсыным жіберіледі.»;
32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Уәкілетті орган ІАҚ құрылған мемлекеттік органды бағалау басталғанға дейін 2 (екі) жұмыс күннен кешіктірмей жоспарлы тәртіппен бағалау жүргізілгені туралы лауазымды адамдарды, бағалаудың басталған және аяқталған күнін көрсете отырып, ақпараттық электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы (бұдан әрі – ЭҚАЖ) хабарлама жолдайды.
33. Жоспарлы тәртіппен бағалау басталар алдында ЭҚЖ арқылы ол басталғанға дейін 2 (екі) жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органның жоспарлы тәртібімен бағалау жүргізу туралы бағдарлама ІАҚ құрылған мемлекеттік органның басшысына не оны алмастыратын адамға жіберіледі.»;
40, 41, 42 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Есепті жоспарлы тәртіппен бағалауды жүргізген уәкілетті органның лауазымды адамы жоспарлы тәртіппен бағалауы аяқталған күні ІАҚ құрылған мемлекеттік органның кеңсесі арқылы ІАҚ басшысына не оны ауыстыратын тұлғаға ұсынады. Есепті ІАҚ басшысы не оны ауыстыратын тұлға 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.
41. ІАҚ есепке қарсылықтары (ескертулері) болмаған кезде есепке ІАҚ басшысы не оны ауыстыратын тұлға қол қояды және осы Стандарттың 40-тармағында көрсетілген мерзімді ескере отырып, 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, ЭҚЖ арқылы уәкілетті органға жіберіледі.
ІАҚ есепке қарсылықтары (ескертулері) болған кезде ІАҚ бар қарсылықтарды (ескертулерді) осы Стандарттың 40-тармағында көрсетілген мерзімді ескере отырып, 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей ЭҚЖ арқылы уәкілетті органға жібереді.
42. ІАҚ есепке обасына қарсылықтары (ескертулері) түскен жағдайда ІАҚ басшысы не оны ауыстыратын адам қарсылықтарды (ескертулерді) уәкілетті органға жібергеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның жоспарлы тәртіппен бағалау нәтижелері бойынша туындаған келіспеушіліктерді талқылау және шешу үшін уәкілетті орган өкілдерінің қатысуымен Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) отырысын өткізуге бастамашылық жасайды.
Кеңес отырысының нәтижелері бойынша осы Стандартқа 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттама ресімделеді, ол жоспарлы тәртіппен бағалау материалдарына қоса тіркеледі.
Хаттама екі данада жасалады, оның біреуі ІАҚ құрылған мемлекеттік органда қалады. Екінші дана уәкілетті органға беріледі.
43. Есеп беттері толассыз нөмірленеді және мынадай тәртіпте ресімделеді:
ІАҚ есепке қарсылықтары (ескертулері) болмаған кезде – ІАҚ-тан қол қойылған есепті уәкілетті органға түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;
ІАҚ есепке қарсылықтары (ескертулері) уәкілетті органға түскен жағдайда – хаттамасын уәкілетті органның бағалау материалдарына тіркей отырып, Кеңес отырысының күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей.
Уәкілетті орган есеп 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЭҚЖ арқылы ІАҚ құрылған мемлекеттік органға жолдайды.
Есеп бағалау жүргізу функциясы жүктелген уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің есепке алу журналында хронологиялық тәртіппен тіркеледі.»;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Уәкілетті органның жоспардан тыс бағалауы мынадай мән-жайлардың бірі болған кезде уәкілетті орган басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімі бойынша жүргізілетін жоспарлы және камералдық тәртіпте көзделмеген бағалау болып табылады:
ІАҚ басшысының не оны ауыстыратын тұлғаның Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ЭҚАЖ арқылы уәкілетті органға жіберілген жоспардан тыс бағалау жүргізу туралы жазбаша өтініш;
ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде ІАҚ қызметкерлерінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнаманы бұзушылықтарының болуын бекітетін фактілер қамтылған өтініш;
ІАҚ жұмысының камералдық тәртібінің немесе оның бағалауын талдаудың нәтижелері бойынша елеулі тәуекелдерді анықтау.»;
көрсетілген рәсімдік стандартқа 6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Жоғары
аудиторлық палатасы

1 Ішкі аудит қызметі жұмысының тиімділігін бағалау өлшемшарттары

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2022 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1346 бұйрығына
қосымша
«Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау» ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына
6-қосымша
Ішкі аудит қызметі жұмысының тиімділігін бағалау өлшемшарттары

Ба­ға­лау өл­шем­шар­тта­ры
Көр­сет­кіш­тер
Балл
1
Ти­іс­ті жы­л­ға ар­нал­ған мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­ле­рі­нің тіз­бе­сін қа­лып­та­сты­ру
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Жо­ғар­ғы ауди­тор­лық па­ла­та­сы­мен, іш­кі мем­ле­кет­тік аудит­тің уәкі­лет­ті ор­га­ны­мен және об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, аста­на­ның тек­се­ру ко­мис­си­я­ла­ры­мен тек­се­ру­лер­дің қай­та­ла­ну фак­ті­ле­рі­нің Ти­іс­ті жы­л­ға ар­нал­ған мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­ле­рі­нің тіз­бе­сін­де бол­мауы
10
2
Ти­іс­ті жы­л­ға ар­нал­ған Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­ле­рі­нің тіз­бе­сін орын­дау
Ағым­да­ғы жы­лы Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­ле­рі­нің тіз­бе­сін­де көз­дел­ген мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­ле­рін қам­ту:
Ти­іс­ті жы­л­ға ар­нал­ған Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­ле­рі­нің тіз­бе­сін орын­да­мау фак­ті­ле­рі­нің бол­мауы;
ти­іс­ті жы­л­ға ар­нал­ған Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­ле­рі­нің тіз­бе­сін орын­да­мау
1-ден 3-ке дей­ін;
3-тен 5-ке дей­ін;
5 және одан көп
15
-5
-7
-10
3
Ти­іс­ті жы­л­ға ар­нал­ған Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­ле­рі­нің тіз­бе­сіне өзге­рі­стер ен­гі­зу*
Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­ле­рі­нің тіз­бе­сіне ен­гі­зі­л­ген өзге­рі­стер­дің са­ны (мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­ле­рі­нің са­нын азай­ту):
2-ден 5-ке дей­ін;
5-тен 7-ге дей­ін;
7 және одан көп
-2
-5
-7
4
Мем­ле­кет­тік аудит қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша қа­был­дан­ған ұсы­ным­дар, тап­сыр­ма­лар са­ны­нан орын­дал­ған ұсы­ным­дар, ше­шім­дер үле­сі (орын­дау мер­зім­де­рі ба­стал­ған)
Мем­ле­кет­тік аудит қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша қа­был­дан­ған ұсы­ным­дар­дың орын­дал­ған тар­мақ­та­ры­ның үле­сі:
70% - дан 80%-ға дей­ін;
80% - дан 90% - ға дей­ін;
90% және одан жо­ға­ры;
70%-дан кем
5
10
15
-5
5
Қоз­ғал­ған қыл­мыстық іс және мем­ле­кет­тік аудит және қар­жы­лық ба­қы­лау қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша сот­қа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­ру шең­бе­рін­де­гі қа­ра­жат­ты қо­с­па­ған­да, сон­дай-ақ ІАҚ ауди­ті­нің ма­те­ри­ал­да­ры бой­ын­ша аудит объ­ек­ті­ле­рі­нің қар­сы­лы­ғы бар қа­ра­жат­ты қо­с­па­ған­да, мем­ле­кет­тік аудит және қар­жы­лық ба­қы­лау қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша қа­ра­жат­ты өтеу (қал­пы­на кел­ті­ру).
Есеп­ті ке­зең­де бюд­жет­ке өте­лу­ге жа­та­тын бұ­зу­шы­лық­тар­дың жал­пы со­ма­сын­да бюд­жет­ке өтел­ген бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­ла­ры­ның үлес сал­ма­ғы:
0% - дан 10%-ға дей­ін;
10%-дан 20 %-ға дей­ін;
20%-дан 30%-ға дей­ін;
30%-дан 40%-ға дей­ін;
40%-дан 50%-ға дей­ін;
50%-дан 60%-ға дей­ін;
60%-дан 70%-ға дей­ін;
70%-дан 80%-ға дей­ін;
80%-дан 90%-ға дей­ін;
90%-дан 100%-ға дей­ін
1
2
3
4
5
6
7
8
9
15
Есеп­ті ке­зең­де қал­пы­на кел­ті­ру­ге және есеп­ке алу бой­ын­ша көр­се­ту­ге жа­та­тын бұ­зу­шы­лық­тар­дың жал­пы со­ма­сын­да қал­пы­на кел­ті­рі­л­ген және есеп­ке алу бой­ын­ша көр­се­ті­л­ген бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы­ның үлес сал­ма­ғы:
0%-дан 10%-ға дей­ін;
10%-дан 20%-ға дей­ін;
20%-дан 30%-ға дей­ін;
30%-дан 40%-ға дей­ін;
40%-дан 50%-ға дей­ін;
50%-дан 60%-ға дей­ін;
60%-дан 70%-ға дей­ін;
70%-дан 80%-ға дей­ін;
80%-дан 90%-ға дей­ін;
90%-дан 100%-ға дей­ін
1
2
3
4
5
6
7
8
9
15
6
Іш­кі про­це­стер­ді (биз­нес-про­це­стер­ді) же­тіл­ді­ру жө­нін­де ұсы­ны­стар ен­гі­зу және қа­был­дау**
Іш­кі про­це­стер­ді (биз­нес-про­це­стер­ді) же­тіл­ді­ру жө­нін­де ен­гі­зі­л­ген және қа­был­дан­ған ұсы­ны­стар са­ны
Әр­бір қа­был­дан­ған ұсы­ныс үшін плюс 1 (ең жо­ға­ры - 15)
7
«Мем­ле­кет­тік аудит және қар­жы­лық ба­қы­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 39-ба­бы 8-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік ауди­тор сер­ти­фи­ка­тын ке­рі қай­та­рып алу
Мем­ле­кет­тік ауди­тор сер­ти­фи­ка­ты ке­рі қай­та­рып алын­ған іш­кі аудит қыз­ме­ті қыз­мет­кер­ле­рі­нің са­ны
Әр­бір жағ­дай үшін -10
8
Мем­ле­кет­тік аудит және қар­жы­лық ба­қы­лау стан­дарт­та­ры­на сәй­кес кел­мей­тін құ­жат­тар­дың бо­луы
Іш­кі мем­ле­кет­тік аудит жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган жүр­гіз­ген са­па­ны ба­қы­лау нәти­же­ле­рі бой­ын­ша Мем­ле­кет­тік аудит және қар­жы­лық ба­қы­лау стан­дарт­та­ры­на сәй­кес кел­мей­тін аудит ма­те­ри­ал­да­ры­ның са­ны:
1 ма­те­ри­ал;
2-ден 3 ма­те­ри­ал­ға дей­ін;
4 ма­те­ри­ал­дар­дан және одан да көп
- 5
- 7
- 10
9
Іш­кі аудит қыз­ме­ті қыз­мет­кер­ле­рі­нің құқық­қа қар­сы әре­кет­те­ріне жү­гі­ну жағ­дай­ла­рын рас­тау
Іш­кі аудит жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ға ке­ліп түс­кен іш­кі аудит қыз­ме­ті қыз­мет­кер­ле­рі­нің құқық­қа қар­сы әре­кет­те­ріне жа­сал­ған өті­ніш­тер­дің рас­тал­ған жағ­дай­ла­ры­ның са­ны
Әр­бір жағ­дай үшін
- 5
10
Мем­ле­кет­тік аудит және қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның Үй­ле­сті­ру ке­ңе­сі ше­шім­де­рі­нің то­лық­тығы, са­па­сы және уақ­ты­лы орын­да­луы
Үй­ле­сті­ру ке­ңе­сі­нің ше­шім­де­рін орын­да­мау, уақ­ты­лы және/неме­се са­па­лы орын­да­мау фак­ті­ле­рі­нің бол­мауы
10
Үй­ле­сті­ру ке­ңе­сі­нің ше­шім­де­рін орын­да­мау фак­ті­ле­рі­нің бо­луы:
1-2 факт;
3-5 факт;
5-тен астам факт
-5
-8
-10
Үй­ле­сті­ру ке­ңе­сі­нің ше­шім­де­рін уақ­ты­лы және / неме­се са­па­лы орын­да­мау фак­ті­ле­рі­нің бо­луы:
1-2 факт;
3-5 факт;
5-тен астам факт
-5
-8
-10
11
Ти­ім­ді­лік ауди­тін жүр­гі­зу
Жүр­гі­зі­л­ген аудит­тер­дің жал­пы са­ны­на ти­ім­ді­лік аудит­те­рі­нің үлес сал­ма­ғы:
30% - дан 40% - ға дей­ін;
40% - дан 60% - ға дей­ін;
60% - дан 80% - ға дей­ін;
80% - дан 90% - ға дей­ін;
90% және одан жо­ға­ры;
30%-дан кем
5
7
10
15
20
-5
12
Іш­кі мем­ле­кет­тік аудит жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган жүр­гі­зе­тін ІАҚ құ­ра­мы­на кі­ре­тін мем­ле­кет­тік ор­ган­ның қар­жы­лық есеп­ті­лік ауди­тіне ІАҚ қа­ты­суы (Іш­кі мем­ле­кет­тік аудит жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның сұ­рау са­луы болған кез­де)
Қа­ты­су
5
Қа­ты­спау (Іш­кі мем­ле­кет­тік аудит жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның сұ­рау са­луы болған кез­де)
0
13
Мем­ле­кет­тік аудит ма­те­ри­ал­да­рын уәкі­лет­ті ор­ган­ның элек­трон­дық құ­жат ай­на­лы­мы жүй­е­сіне уақ­ты­лы ен­гі­зу (Қар­жы­лық ба­қы­лау. Тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру жүй­е­сі)
«Тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру жүй­е­сі. Қар­жы­лық ба­қы­лау» кі­ші жүй­е­сіне мем­ле­кет­тік аудит ту­ра­лы заң­на­ма­ның бел­гі­лен­ген та­лап­та­ры­на сәй­кес (ма­те­ри­ал­дар­ды ен­гі­зу­дің то­лық­тығы) есеп­ті жыл­да­ғы ауди­тор­лық іс-ша­ра­лар са­ны­нан мем­ле­кет­тік аудит іс­те­рі­нің уақ­ты­лы ен­гі­зіл­ме­ген ма­те­ри­ал­да­ры­ның үле­сі 70%-дан кем
-5
14
Тө­леу мер­зі­мі ба­стал­ған, сон­дай-ақ заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен мәж­бүр­леп өн­ді­ріп алу­ға бе­рі­л­ген әкім­ші­лік ай­ып­пұл­дар­дың со­ма­ла­рын бюд­жет кі­рі­сіне өн­ді­ріп алу
Тө­леу мер­зі­мі ба­стал­ған есеп­ті ке­зең­де және сот­тар шы­ғар­ған, сон­дай-ақ заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен мәж­бүр­леп өн­ді­ріп алу­ға бе­рі­л­ген қа­улы­лар­да са­лын­ған ай­ып­пұл­дар­дың жал­пы со­ма­сын­да­ғы бюд­жет кі­рі­сіне өн­ді­ріп алын­ған әкім­ші­лік ай­ып­пұл­дар со­ма­ла­ры­ның үлес сал­ма­ғы:
50%-ге дей­ін;
50%-дан 60%-ға дей­ін;
60%-дан 70%-ға дей­ін;
70%-дан 80%-ға дей­ін;
80%-дан 90%-ға дей­ін;
90%-дан 100%-ға дей­ін
0
1
2
3
4
5
15
Құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­на бе­рі­л­ген ІАҚ ма­те­ри­ал­да­ры бой­ын­ша сот­тар­дың та­лап-ары­зда­рын қа­на­ғат­тан­ды­руы
Құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­на жі­бе­рі­л­ген ма­те­ри­ал­дар бой­ын­ша есеп­ті ке­зең­де ІАҚ ма­те­ри­ал­да­ры бой­ын­ша сот­тар қа­на­ғат­тан­дыр­ған та­лап қо­ю­лар­дың үлес сал­ма­ғы:
0%-дан 20%-ға дей­ін;
20%-дан 40%-ға дей­ін;
40%-дан 60%-ға дей­ін;
60%-дан 80%-ға дей­ін;
80%-дан 100%-ға дей­ін
1
2
3
4
5
16
Аудит объ­ек­ті­сі­нің анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар­ды жою ту­ра­лы ше­шім­дер­ді орын­да­уы­на ба­қы­ла­удың бол­мауы
Әр­бір жағ­дай үшін
-1
Ескертпе:
* Карантиндік және басқа да шектеу шаралары енгізілген жағдайда бұл өлшем бағалауға жатпайды.
** Ішкі процестер (бизнес-процестер) – белгілі бір міндеттер мен мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған өзара байланысты іс-шаралар немесе жұмыстар жиынтығы.
Ішкі процестерді (бизнес-процестерді) жетілдіру жөніндегі ІАҚ ұсыныстары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді;
2) тиісті уәкілетті орган қабылдаған қызметті жақсартуды қамтиды;
3) облыс әкімімен қабылданатын және жергілікті атқарушы органның басшысына орындауға жолданатын жергілікті атқарушы органның қызметін жетілдіру және сәйкестендіру жөніндегі ұсыныстар.
Бұл ретте, мемлекеттік аудит объектілеріне жіберілген ұсынымдар осы өлшемшарт бойынша есепке алынуға жатпайды.

Қолданыстағы