Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 декабря 2018 года № 518 «Об утверждении Правил организации и проведения конкурса по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства»

Бұйрық · № 281 · қабылданған 01.08.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2018-no-518-ekb-134147/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 декабря 2018 года № 518 «Об утверждении Правил организации и проведения конкурса по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства» Қолданыста Бұйрық ·№ 281 ·01.08.2019
01.08.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 декабря 2018 года № 518 «Об утверждении Правил организации и проведения конкурса по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства»

Қолданыста Бұйрық ·№ 281 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 декабря 2018 года № 518 «Об утверждении Правил организации и проведения конкурса по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства»
Атауы (қаз.)
«Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
281
Қабылданған күні
01.08.2019
Көрсетілген редакция
01.08.2019 134147_418470.kaz
Соңғы өзгеріс
01.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019213
ЭКБ идентификаторы
134147
Редакция идентификаторы
134147_418470
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:55

0

«Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18048 тіркелген, 2019 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдардың конкурсты ұйымдастыруы мен өткізуі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) жыл сайын тиісті жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің (бос жер учаскелері болған жағдайда) тізбесін қалыптастыруды, келісуді және бекітуді жүзеге асырады.
Бұл ретте, конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін одан әрі қалыптастыру, келісу және бекіту жылына кемінде 2 рет жүргізіледі (бос жер учаскелері болған жағдайда);
2) конкурсқа шығару үшін тізбеге енгізілген жер учаскелеріне қатысты жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу;
3) конкурсты өткізу туралы хабарламаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ өз интернет-ресурсында жариялау және оны тиісті облыс шегіндегі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың басқа жергілікті атқарушы органдарына, сондай-ақ жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберу, арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру;
4) конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу;
5) конкурстың қорытындысын шығару.
8. Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс.»;
23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Балдар міндеттемелердің мынадай өлшемшарттары бойынша беріледі:
1) бір гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі туралы, мың. теңге:
1) суарылмайтын егістікке:
50-ге дейін – 1 балл;
50-ден 70-ке дейін – 5 балл;
70-тен 90-ға дейін – 10 балл;
90-нан 110-ға дейін – 15 балл;
110-нан жоғары – 20 балл;
2) суарылатын егістікке (суарылатын жерлер):
200-ге дейін – 1 балл;
200-ден 300-ге дейін – 5 балл;
300-ден 400-ге дейін – 10 балл;
400-ден 500-ге дейін – 15 балл;
500-ден жоғары – 20 балл.
3) жайылымдық және шабындық алқаптарға:
5-ке дейін – 1 балл;
5-тен 10-ға дейін – 5 балл;
10-нан 20-ға дейін – 10 балл;
20-дан 30-ға дейін – 15 балл;
30-дан жоғары – 20 балл.»;
«24. Ең жоғары балл алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Екі және одан да көп конкурстық ұсыныстардың тартылатын инвестицияның ұсынылған көлемі бойынша балдары тең болған жағдайда конкурстың жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы анықталады.
Бұл жағдайда ең жоғары балл алған және комиссия мүшелерінің ең көп дауысын алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялануы үшін және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберілуін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5 5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік

он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қолданыстағы