Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Буландынского районного маслихата от 20 марта 2018 года № 6С-21/7 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества по Буландынскому району»

Өзге акт · № 7С-8/2 · қабылданған 19.07.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2018-no-6-217-ekb-157357/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Буландынского районного маслихата от 20 марта 2018 года № 6С-21/7 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества по Буландынскому району» Қолданыста Өзге акт ·№ 7С-8/2 ·19.07.2021
19.07.2021 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Буландынского районного маслихата от 20 марта 2018 года № 6С-21/7 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества по Буландынскому району»

Қолданыста Өзге акт ·№ 7С-8/2 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Буландынского районного маслихата от 20 марта 2018 года № 6С-21/7 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества по Буландынскому району»
Атауы (қаз.)
Бұланды аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 6С-21/7 «Бұланды ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
7С-8/2
Қабылданған күні
19.07.2021
Көрсетілген редакция
19.07.2021 157357_531702.kaz
Соңғы өзгеріс
19.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21BG00782M
ЭКБ идентификаторы
157357
Редакция идентификаторы
157357_531702
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:32

0 Бұланды аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 6С-21/7 «Бұланды ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Бұланды аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 6С-21/7 «Бұланды ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6526 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімімен бекітілген Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Бұланды ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес әзірленді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

4 «4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мына мәселелер:

бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
Макинск қаласы, ауылдық округтер әкімі аппараттарының бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
Макинск қаласы, ауылдық округтері әкімі аппаратының жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін басқару жөніндегі шешімдерін келісімдеу;
бюджеттің орындалуын мониторингілеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
Бұланды аудандық мәслихатына одан әрі өзгеріс енгізу үшін және Макинск қаласы, ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын өткіздіру үшін Макинск қаласы, ауылдық округтері бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
Макинск қаласы, ауылдық округтердің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісімдеу;
жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
Макинск қаласы, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидат ретінде тіркеу үшін Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін Бұланды ауданы әкімінің Макинск қаласы, ауылдық округтердің әкімдері лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;
Макинск қаласы, ауылдық округтердің әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;
жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

6

«6. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі.
Макинск қаласы, ауылдық округтерінің әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жиналыстың мүшелеріне және Макинск қаласы, ауылдық округінің әкіміне жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ұсынады.»;
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

12 «12. Жиналыс өзінің құзіреті шеңберінде шақырылымға қатысушы жиналыс мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды.

Дауыстар тең болған жағдайда, жиналыстың төрағасы шешуші дауыс беру құқығын пайдаланады.
Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

1 1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;

2 2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

3 3) өзге де қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізімі;

4 4) жиналыстың төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

5 5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде Макинск қаласы, ауылдық округтерінің әкімдеріне беріледі.
Макинск қаласы, ауылдық округі әкімдерінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде Бұланды аудандық маслихатының қарауына беріледі.

13 13. Жиналыста қабылданған шешімдерді Макинск қаласы, ауылдық округі әкімдері бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

Макинск қаласы, ауылдық округі әкімдері жергілікті қоғамдастық жиналысының шешіміне келіспеушілігін білдіруге құқылы, осындай келіспеушілік тудырған мәселелер осы регламенттің 2 тарауында көзделген тәртіпте қайта талқылау жолымен шешіледі.
Макинск қаласы, ауылдық округі әкімдері келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім тиісті аудан Бұланды аудандық мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.».

2 2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы