Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Жаркаинского районного маслихата от 20 апреля 2018 года № 6С-22/3 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества по Жаркаинскому району»

Өзге акт · № 7С-14/3 · қабылданған 07.09.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2018-no-6-223-ekb-158487/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Жаркаинского районного маслихата от 20 апреля 2018 года № 6С-22/3 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества по Жаркаинскому району» Қолданыста Өзге акт ·№ 7С-14/3 ·07.09.2021
07.09.2021 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Жаркаинского районного маслихата от 20 апреля 2018 года № 6С-22/3 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества по Жаркаинскому району»

Қолданыста Өзге акт ·№ 7С-14/3 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Жаркаинского районного маслихата от 20 апреля 2018 года № 6С-22/3 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества по Жаркаинскому району»
Атауы (қаз.)
Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 6С-22/3 «Жарқайың ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
7С-14/3
Қабылданған күні
07.09.2021
Көрсетілген редакция
07.09.2021 158487_537108.kaz
Соңғы өзгеріс
07.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21BL07143M
ЭКБ идентификаторы
158487
Редакция идентификаторы
158487_537108
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:52

0 Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 6С-22/3 «Жарқайың ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Жарқайың аудандық мәслихатының «Жарқайың ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 6С-22/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6601 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Жарқайың ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жарқайың ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

4 «4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:

бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
Державин қаласы, ауылдар және ауылдық округтер бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
Державин қаласы, ауылдар және ауылдық округтер коммуналдық меншігін басқару жөніндегі ауылдық округ әкімі аппаратының шешімдерін келісу;
бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
Державин қаласы, ауылдар және ауылдық округтер бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
Державин қаласы, ауылдар және ауылдық округтер коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
Державин қаласы, ауылдар және ауылдық округтер әкімдеріне кандидат ретінде тіркеу үшін Жарқайың аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін аудан әкімінің ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;
Державин қаласы, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау жөнінде ұсыныстар енгізу;
жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

6

«6. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі.
Әкім аппараты жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында ұсынады.»;
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

12 «12. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.

Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

1 1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;

2 2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

3 3) өзге де қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;

4 4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, ккесінің аты (бар болса);

5 5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада қаласы, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде Державин қаласы, ауылдар және ауылдық округтер әкімдеріне беріледі.
Державин қаласы, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде Жарқайың аудандық мәслихатының қарауына беріледі.

13 13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді Державин қаласы, ауылдар және ауылдық округтер әкімдері бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

Державин қаласы, ауылдар және ауылдық округтер әкімдер жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтіндігін білдіруге құқылы, бұл Регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен осындай келіспеушілік тудырған мәселелерді қайта талқылау арқылы шешіледі.
Державин қаласы, ауылдар және ауылдық округтер әкімдері келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім Жарқайың аудандық мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы