О внесении изменений в решение Мангистауского областного маслихата от 20 марта 2018 года №17/212 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Мангистауского областного маслихата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Мангистауского областного маслихата от 20 марта 2018 года №17/212 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Мангистауского областного маслихата»
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы №17/212 «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12/139
- Қабылданған күні
- 31.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 31.05.2022 168609_577832.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.05.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22M012139M
- ЭКБ идентификаторы
- 168609
- Редакция идентификаторы
- 168609_577832
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:38
0 Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы №17/212 «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Маңғыстау облыстық мәслихатының «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 20 наурыздағы №17/212 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде №3567 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіде:
41 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40 тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42 тармақ алынып тасталсын.