О внесении изменений в постановление акимата района Аққулы от 20 февраля 2019 года № 1-03/32 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» исполнительных органов акимата района Аққулы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата района Аққулы от 20 февраля 2019 года № 1-03/32 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» исполнительных органов акимата района Аққулы»
- Атауы (қаз.)
- Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 ақпандағы «Аққулы ауданы әкімдігі атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 1-03/32 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1-03/77
- Қабылданған күні
- 14.04.2022
- Көрсетілген редакция
- 14.04.2022 166616_569665.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.04.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22PI10377A
- ЭКБ идентификаторы
- 166616
- Редакция идентификаторы
- 166616_569665
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:29
0 Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 ақпандағы «Аққулы ауданы әкімдігі атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы»
№ 1-03/32 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 ақпандағы «Аққулы ауданы әкімдігі атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 1-03/32 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6257 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы қаулымен бекітілген Аққулы ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіндегі:
5 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі - уәкілетті тұлға) Аққулы ауданы әкімінің аппараты персоналды басқару бойынша бөлімі (бұдан әрі - персоналды басқару бойынша бөлімі) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.»;
41 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару бойынша бөлімімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42 - тармақ алынып тасталсын.