Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 20 сентября 2019 года № 1030 «Об утверждении требований к системе учета товаров, Правил проведения проверки наличия системы учета товаров и ведения учета товаров»

Бұйрық · № 720 · қабылданған 29.10.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2019-no-1030/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 20 сентября 2019 года № 1030 «Об утверждении требований к системе учета товаров, Правил проведения проверки наличия системы учета товаров и ведения учета товаров» Қолданыста Бұйрық ·№ 720 ·29.10.2024
29.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 20 сентября 2019 года № 1030 «Об утверждении требований к системе учета товаров, Правил проведения проверки наличия системы учета товаров и ведения учета товаров»

Қолданыста Бұйрық ·№ 720 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 20 сентября 2019 года № 1030 «Об утверждении требований к системе учета товаров, Правил проведения проверки наличия системы учета товаров и ведения учета товаров»
Атауы (қаз.)
«Тауарларды есепке алу жүйелеріне қойылатын талаптарды, тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуына тексеру өткізудің және тауарлардың есепке алуын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 1030 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
720
Қабылданған күні
29.10.2024
Көрсетілген редакция
29.10.2024 202113_726155.kaz
Соңғы өзгеріс
29.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035306
ЭКБ идентификаторы
202113
Редакция идентификаторы
202113_726155
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:00

0

«Тауарларды есепке алу жүйелеріне қойылатын талаптарды, тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуына тексеру өткізудің және тауарлардың есепке алуын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 1030 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Тауарларды есепке алу жүйелеріне қойылатын талаптарды, тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуына тексеру өткізудің және тауарлардың есепке алуын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 1030 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19411 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 436-бабы 2-тармағына, 517-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, 532-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуына тексеру өткізудің және тауарлардың есепке алуын жүргізу қағидаларында:
1 және 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуына тексеру өткізудің және тауарлардың есепке алуын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 436-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген.
2. Еркін қойма иелері тізіліміне енгізуіне үміттенетін тұлғалар үшін Кодексінің 518-бабына сәйкес берілген екін қойма иелері тізіліміне енгізу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуына тексеру жүргізудің негізі болып табылады.
Өтініш «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 665 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20955 болып тіркелген) 25-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша ресімделеді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Еркін қоймалар тізіліміне, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізілуге үміткер тұлғаларда және осындай тізілімдерге енгізілген тұлғаларда тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуын тексеру Кодекстің 424-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жүргізіледі.
Тексеру аяқталған күннен кейінгі екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды есепке алу жүйесін тексерудің нәтижелері туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) жасайды.
Қорытындыға екі данада жасалады, оған тексеруді жүргізген мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы және тексеру барысында болған уәкілетті адам қол қояды. Қорытындының екінші данасы тексерілген тұлғаға беріледі.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мынадай:
1) еркін қойма;
2) кеден қоймасы;
3) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімдерімен орналастырылған тауарлар тауарлардың есебін жүргізуді тексеруге жатады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарларды иеленетін және (немесе) қолданатын тұлғалардың, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың және УЭО тауарларды есепке алуды жүргізуі тәртібін сақталмауы анықталған кезде мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 539-бабы бойынша көрсетілген тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі шаралар қолданылады.»;
көрсетілген Қағидаларға қосымшаға осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Тауарларды есепке алу жүйелерінің бар болуын тексерудің нәтижелері туралы қорытынды

Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 29 қазандағы
№ 720 бұйрығына
қосымша
Тауарларды есепке алу
жүйесінің бар болуына тексеру
өткізудің және тауарлардың
есепке алуын жүргізу
қағидаларына
қосымша
нысан
«БЕКІТЕМІН»
Мемлекеттік кірістер
органының басшысы
(оны алмастыратын адам)
_______________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
20__жылғы «__»_____ _______
күні қолы
Тауарларды есепке алу жүйелерінің бар болуын тексерудің нәтижелері
туралы қорытынды
Тауарларды есепке алу жүйелерінің бар жоғына тексеру (бұдан әрі – тексеру) жүргізу орны
Тексеру жүргізудің уақыты және күні
Қорытындының нөмірі және жасалған күні
Тексеруді жүргізген мемлекеттік кірістер органының атауы
Тексеруді тағайындаудың негізі
Тексеруді жүргізетін мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамдарының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Тексерілетін заңды тұлғаның толық атауы
Бизнес сәйкестендіру нөмірі
Тексерілетін заңды тұлғаның тұрған жері туралы мәлімет
Тексерілетін заңды тұлғаның іс жүзінде қызметін жүзеге асыратын жері
Заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Тексерілген, соның ішінде тексерілетін заңды тұлға ұсынған құжаттар туралы егжей-тегжейлі мәліметтер
Тексеру барысында жүргізілген іс-әрекет туралы мәліметтер (тауарларды есепке алу жүйелеріне қашықтықтан қолжеткізу мүмкіндігін тексеру, берілген логиндер мен парольдер туралы ақпарат және қашықтықтан қолжеткізуді ұсыну тәсілдері)
Тексерудің нәтижелері
тексеруді жүргізген лауазымды адамдар:
_______________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
_______________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Қорытындының екінші данасын ______қосымшалармен бірге __парақта алдым:
(қосымшалардың саны)
_______________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), (қолы)
қорытындының екінші данасын алған тұлғаның төлқұжат деректері)
20 __ жылғы «___» _______________
(қорытындының екінші данасын алған күн)

Қолданыстағы