О внесении изменений в постановление акимата города Актау от 20 мая 2019 года № 1073 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Актау от 20 мая 2019 года № 1073 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов»
- Атауы (қаз.)
- Ақтау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 1073 «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын анықтау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 02-02/1998
- Қабылданған күні
- 20.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 20.09.2022 172182_593698.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22MA029752
- ЭКБ идентификаторы
- 172182
- Редакция идентификаторы
- 172182_593698
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:57
0 Ақтау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы №1073 «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын анықтау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақтау қаласы әкімдігінің «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын анықтау туралы» 2019 жылғы 20 мамырдағы №1073 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3891 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі тақырыбы өзгермейді:
«Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы»;
көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақтау қалалық аумақтық
сайлау комиссиясы
5 Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары
Ақтау қаласының әкімдігі
2022 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 02-02/1998
қаулысына
қосымша
Ақтау қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 20 мамырдағы
№1073 қаулысына
2 қосымша
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындары
Елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Ақтау қаласы
2-шағын аудан, Маңғыстау облысының білім басқармасының «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында
3-шағын аудан, №145 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында
3А-шағын аудан, №12 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында
3-шағын аудан, №10 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында
4-шағын аудан, №7 үйдің алдындағы аялдаманың оң жағында
5-шағын аудан, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының оң жағында
6-шағын аудан, №19 үйдің артындағы аялдаманың сол жағында
6-шағын аудан, №36 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында
7-шағын аудан, №12 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында
8-шағын аудан, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драмалық театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында
8-шағын аудан, №20 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында
9-шағын аудан, №39 ғимарытының алдындағы аялдаманың сол жағында
11-шағын аудан, №23 үйдің алдындағы аялдаманың сол жағында
11-шағын аудан, №38 үйдің алдындағы аялдаманың оң жағында
12-шағын аудан, №83 ғимаратының сол жағында
12А-шағын аудан, «Мечта» сауда үйінің алдында
13-шағын аудан, №42 Б үйдің алдындағы аялдаманың оң жағында
15-шағын аудан, №35 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында
16-шағын аудан, №42 үйдің алдындағы аялдаманың сол жағында
17-шағын аудан, №104 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында
19-шағын аудан, №43 үйдің артындағы аялдаманың сол жағында
26-шағын аудан, «Достық» сауда орталығының алдында
27-шағын аудан, №25 үйдің артындағы аялдаманың сол жағында
28-шағын аудан, №47 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында
29-шағын аудан №24 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында
30 шағын аудан, №169 үй алдындағы аялдаманың сол жағында
31А шағын аудан, №14 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында
32 А шағын аудан, №9 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында
32 В шағын аудан, №8 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында
34 шағын аудан, №1 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында
Өмірзақ ауылы
Өмірзақ ауылы, №59 ғимаратының алдында