О внесении изменений в приказы Министерства иностранных дел Республики Казахстан от 20 мая 2019 года № 11-1-4/227 «Об утверждении ставок консульского сбора за совершение консульских действий на территории иностранного государства» и от 28 февраля 2024 года № 11-1-4/71 «Об утверждении ставок консульского сбора, взимаемого на территории Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказы Министерства иностранных дел Республики Казахстан от 20 мая 2019 года № 11-1-4/227 «Об утверждении ставок консульского сбора за совершение консульских действий на территории иностранного государства» и от 28 февраля 2024 года № 11-1-4/71 «Об утверждении ставок консульского сбора, взимаемого на территории Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің «Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 және «Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2024 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-4/71 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 11-1-4/530
- Қабылданған күні
- 09.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2026
- Көрсетілген редакция
- 09.09.2025 214114_777159.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036823
- ЭКБ идентификаторы
- 214114
- Редакция идентификаторы
- 214114_777159
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:25
0
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің «Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 және «Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2024 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-4/71 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18702 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 676-бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 144) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
2
2. «Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-4/71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34089 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 676-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 144-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
3 3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі