О внесении изменений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 20 мая 2019 года № 11-1-4/227 «Об утверждении ставок консульского сбора за совершение консульских действий на территории иностранного государства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 20 мая 2019 года № 11-1-4/227 «Об утверждении ставок консульского сбора за совершение консульских действий на территории иностранного государства»
- Атауы (қаз.)
- «Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 11-1-4/37
- Қабылданған күні
- 31.01.2022
- Көрсетілген редакция
- 31.01.2022 164253_559318.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.01.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200026722
- ЭКБ идентификаторы
- 164253
- Редакция идентификаторы
- 164253_559318
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:36
0 «Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 627-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
«1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу» бөлімінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу
100 АҚШ доллары
75 евро
65 ағылшын фунт стерлингі
110 швейцар франкі
5850 Ресей рублі
660 Қытай юані
»;
реттік нөмірі 2-жол алып тасталсын;
«6. Азаматтық хал актілерін тіркеу» бөлімінде:
реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
113.
Тууды тiркеу және тиiстi куәлiктер беру
25 АҚШ доллары
20 еуро
20 ағылшын фунт стерлингі
25 швейцар франкі
1420
Ресей рублі
165
Қытай юані
»;
2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі