О внесении изменения и дополнения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 20 мая 2019 года № 11-1-4/227 «Об утверждении ставок консульского сбора за совершение консульских действий на территории иностранного государства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 20 мая 2019 года № 11-1-4/227 «Об утверждении ставок консульского сбора за совершение консульских действий на территории иностранного государства»
- Атауы (қаз.)
- «Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 11-1-4/230
- Қабылданған күні
- 17.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2023 181595_632617.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032530
- ЭКБ идентификаторы
- 181595
- Редакция идентификаторы
- 181595_632617
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:57
0 «Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18702 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
«6. Азаматтық хал актілерін тіркеу» бөлімінде:
реттік нөмірі 17-ші жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 18-1 жол мынадай редакцияда толықтырылсын:
«
18-1.
Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктердi беру
25 АҚШ доллары
20 евро
20 ағылшын фунт стерлингі
25 швейцар франкі
1420 ресей рублі
165 қытай юаны
».
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі