О внесении изменений в постановление акимата Бейнеуского района от 20 ноября 2019 года № 298 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Бейнеуского района от 20 ноября 2019 года № 298 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов»
- Атауы (қаз.)
- Бейнеу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 298 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 266
- Қабылданған күні
- 22.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 19.07.2021 146648_532931.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20MC004295
- ЭКБ идентификаторы
- 146648
- Редакция идентификаторы
- 146648_532931
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:42
0 Бейнеу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 298
«Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарына сәйкес, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 05-10-508 ақпараттық хатының негізінде, Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Бейнеу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 298 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4048 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ мынадай мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.»;
3 тармақ мынадай мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«3. «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Қ. Назарханов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Қ. Назарханов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалысын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Ж. Теміровке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Бейнеу ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 22 қыркүйегі
№ 266 қаулысына қосымша
6 Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
Бейнеу ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 20 қарашадағы
№ 298 қаулысына қосымша
Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
№
Жұмыс берушінің атауы
Ұйымдардағы жұмыскерлердің тізімдік саны
Жұмыс
орындарының
квотасы (%)
Жұмыс орындарының саны (адам)
1
2
3
4
5
1
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Бейнеу орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша)
835
4
33
2
Бейнеу ауданының әкімдігінің «Акиматсервис» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
86
2
1
3
«Бейнеу ауданының әкімдігінің «Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
246
3
7
4
«Бейнеу ауданының әкімдігінің «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
266
4
10
5
«Бейнеу ауданының әкімдігінің «Бейнеу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
219
3
6
6
«Бейнеу ауданының әкімдігінің «Манашы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
232
3
7
7
«Бейнеу ауданының әкімдігінің «Боранқұл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
163
3
5
8
«Бейнеу ауданының әкімдігінің «Ақжігіт орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
84
2
2
Барлығы
71