О внесении изменения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 20 ноября 2019 года № 314/НҚ «Об утверждении цен на услуги, реализуемые субъектом государственной монополии в области связи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 20 ноября 2019 года № 314/НҚ «Об утверждении цен на услуги, реализуемые субъектом государственной монополии в области связи»
- Атауы (қаз.)
- «Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 314/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 431/НҚ
- Қабылданған күні
- 25.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 22.07.2024 186686_712274.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23IPM00431
- ЭКБ идентификаторы
- 186686
- Редакция идентификаторы
- 186686_712274
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:41
0 «Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 314/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 314/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19637 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
2 2) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК-ға жіберуді;
3 3) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
0 Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары
бұйрығымен бекітілген
Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары
№ р/с
Көрсетілетін қызметтің атауы
Өлшем бірлігі
ҚҚС-ты есепке алмағанда қызмет құны, теңге
1
Халықтың теле -, радиоарналарды қабылдау сапасын қоса алғанда, байланыс қызметтері сапасының параметрлерін өлшеу жөніндегі жұмыстарды орындау, сондай-ақ радиожиілік спектрінің, радиоэлектрондық құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың мониторингі:
1.1.
радиожиілік спектрінің, радиоэлектрондық құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың мониторингі бойынша жұмыстарды орындау
жылына
1 қызмет
823 330 347
1.2.
байланыс қызметтерінің сапа параметрлерін өлшеу бойынша жұмыстарды орындау
жылына
1 қызмет
204 883 110
1.3.
халықтың теле -, радиоарналарды қабылдау сапасының параметрлерін өлшеу бойынша жұмыстарды орындау
жылына
1 қызмет
51 690 976
2
Қазақстан Республикасының радиожиіліктер ресурстарын және орбиталық позицияларын халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық сүйемелдеу:
2.1.
Қазақстан Республикасының орбиталық позицияларын халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық сүйемелдеу
1 спутниктік желі
4 004 445
2.2.
Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер ресурстарын (жерүсті радиоқызметтерін) халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық сүйемелдеу
1 радиобайланыс түрі
15 762 146
3
Радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігіне есептеу жүргізу:
3.1.
радиорелелік станциялар
1 станция үшін 1 радиожиілік
9 513
3.2.
стационарлық (базалық) ұялы байланыс станциялары
1 сектор үшін
1 станция
6 579
3.3.
теледидарлық хабар таратуға арналған радио таратқыш құрылғылар;
эфирлік-кәбілді теледидар станциялары;
дыбыстық (радио) хабарларды таратуға арналған радио таратқыш құрылғылар
1 станция үшін 1 радиожиілік
4 450
3.4.
спутниктік байланыстың стационарлық (жердегі) станциялары
1 станция үшін 1 радиожиілік
3 595
3.5.
сымсыз радиоқолжетімділік жүйелерінің стационарлық (базалық) станциялары (WLL)
1 станция үшін 1 радиожиілік
13 673
3.6.
ультрақысқатолқынды радиобайланысқа және УҚТ-диапазонына сымсыз радиоқолжетімділік жүйелеріне арналған стационарлық қабылдау-тарату радиоэлектрондық құралдары;
транкингтік радиобайланыс жүйесіне арналған қабылдау-тарату радиоэлектрондық құралдары;
радиотелеметрияға арналған стационарлық (базалық) қабылдау-тарату станциялары;
ұзын толқынды, орташа толқынды, қысқа толқынды диапазонға арналған стационарлық радиоэлектрондық құралдары
1 станция үшін 1 радиожиілік
8 890
4
Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорын және абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, жұмыс істеуді, сүйемелдеуді және дамытуды қамтамасыз ету, оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету:
4.1.
Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорына қол жеткізуді қамтамасыз ету
айына 1 қызмет
5 444 412
4.2.
Абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқор ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету:
4.2.1.
ұялы байланыс операторларына
айына 1 қызмет
3 337 667
4.2.2.
қалааралық және халықаралық байланыс операторына
айына 1 қызмет
188 417
5
Радиоэлектрондық құралдар мен радиожиілік берілімдер тізілімін (дерекқорын) жүргізуді техникалық қамтамасыз ету:
5.1.
Радиоэлектрондық құралдар мен радиожиілік тоқтауларының тізілімін (деректер базасын) жүргізуді техникалық қамтамасыз ету
жылына
1 қызмет
52 518 179