Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июня 2019 года № 421 «Об утверждении перечня медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования»

Қаулы · № 673 · қабылданған 16.10.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2019-no-421/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июня 2019 года № 421 «Об утверждении перечня медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования» Қолданыста Қаулы ·№ 673 ·16.10.2020
16.10.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июня 2019 года № 421 «Об утверждении перечня медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования»

Қолданыста Қаулы ·№ 673 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июня 2019 года № 421 «Об утверждении перечня медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования»
Атауы (қаз.)
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
673
Қабылданған күні
16.10.2020
Көрсетілген редакция
16.10.2020 147532_486493.kaz
Соңғы өзгеріс
16.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000673
ЭКБ идентификаторы
147532
Редакция идентификаторы
147532_486493
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:16

0 «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы
16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының
1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 21, 199-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

3 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 20 маусымдағы
№ 421 қаулысымен
бекітілген
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
жүйесіндегі медициналық көмектің
тізбесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке мыналар кіреді:

1 1. Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:

1 1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

(бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде профилактикалық қарап-тексерулерді қоспағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және кезеңділікпен профилактикалық медициналық қарап-тексеру;

2 2) бейінді мамандардың қабылдауы және консультация беруі, сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйдегі мобильдік бригада көрсететін қызметтер;

3 3) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және кезеңділікпен бейінді мамандардың созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық бақылауы;

4 4) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;

5 5) диагностикалық көрсетілетін қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика;

6 6) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша ем-дом мен манипуляциялар.

2

2. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда); сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйдегі стационар қызметтері.

3 3. Стационарлық жағдайлардағы мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек:

1 1) ауруларды ТМККК шеңберінде емдеу жағдайларын қоспағанда, жоспарлы нысанда;

2 2) ауруларды ТМККК шеңберінде емдеу жағдайларын қоспағанда, шұғыл нысанда, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізу.

4 4. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және аурулар тізбесі бойынша медициналық оңалту.

5 5. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика.

6

6. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша және тәртіппен қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алуға дайындау, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау.

7 7. Мынадай:

1 1) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек;

2

2) уәкілетті орган бекітетін белгілі бір аурулары бар (күйдегі) азаматтардың жекелеген санаттары үшін дәрілік заттар, медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету.
____________________________

Қолданыстағы