О внесении изменений в постановление акимата Катон-Карагайского района от 20 декабря 2019 года № 512 «Об определении перечня должностей специалистов в области, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Катон-Карагайского района от 20 декабря 2019 года № 512 «Об определении перечня должностей специалистов в области, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
- Атауы (қаз.)
- Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 512 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 339
- Қабылданған күні
- 11.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 01.02.2021 149873_510076.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VM007978
- ЭКБ идентификаторы
- 149873
- Редакция идентификаторы
- 149873_510076
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:10
0
Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 512 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексiнiң 18 - бабының 2) тармақшасына, 139 - бабының 9 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 - бабының 2 - тармағына, 37 – бабының 1,2 - тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 - бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 – бабының 1, 2 - тармақтарына сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 512 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6456 санымен, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған) қаулысына төмендегі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Катонқарағай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Катонқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
3 3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Катонқарағай ауданының әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Сыдыковаға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Катонқарағай аудандық
мәслихатының хатшысы
________Д. Бралинов
2020 жылғы «___» _______
8 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Катонқарағай ауданының әкімдігі
2020 жылғы 11 желтоқсандағы
№ № 339 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1
1. Басқарушы персонал: аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы, стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы («Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары» коммуналдық мемлекеттік мекемелер), білім беру саласындағы аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары, аудандық маңызы бар әдістемелік кабинеттің басшысы, мәдениет пен мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорнының басшысы мен басшы орынбасары, сектор, бөлім, филиал басшысы.
2 2. Негізгі персонал, салалар бойынша:
1
1) әлеуметтік қолдау: барлық мамандықтағы дәрігерлер, фельдшер, медициналық мейіргер, фармацевт, диеталық бике, барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, дефектолог, логопед, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының (ұйымдардың) әдіскері, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік қызмет жөніндегі консультант, иппотерапия жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, мәдени ұйымдастырушы, шаштараз, емдік дене шынықтыру жөніндегі маман, жүзу жөніндегі нұсқаушы, музыкалық жетекші, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, ассистент;
2
2) білім беру: мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, арнайы (түзету) және мамандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандық мұғалімдері, дефектолог-мұғалім (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), логопед мұғалім, алғашқы әскери дайындық ұйымдастырушы-оқытушысы, аға вожатый, тәрбиеші, әдіскер, дене шынықтыру нұсқаушысы, музыкалық жетекші, қосымша білім беру педагогы, ұйымдастырушы педагог, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, хореограф, сүйемелдеуші;