О внесении изменений в постановление акимата Есильского района Северо-Казахстанской области от 20 марта 2019 года № 65 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Есильского района Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Есильского района Северо-Казахстанской области от 20 марта 2019 года № 65 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Есильского района Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 65 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 344
- Қабылданған күні
- 18.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 18.11.2021 160553_545848.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21SF025337
- ЭКБ идентификаторы
- 160553
- Редакция идентификаторы
- 160553_545848
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:48
0 Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 20 наурыздағы № 65 «Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 20 наурыздағы № 65 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5267 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің осы саланы жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл аудандық мәслихаты
1 Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Есіл ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 18 қарашадағы
№ 344 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «20» наурыздағы
№ 65 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының
азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:
1 1) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің басшысы;
2 2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
3 3) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы - әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
4 4) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы - арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
5
5) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы – жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
6 6) ассистент.
2 2. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:
1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы (директоры);
2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының (директорының) орынбасары;
3 3) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы (директоры);
4 4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әдістемелік кабинет, кітапхана меңгерушісі (басшысы);
5
5) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандары - аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, режиссер,барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
6
6) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандары - аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, редактор (негізгі қызметтер), режиссер, хореограф, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);