О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 февраля 2019 года № 74 «Об утверждении ставок консульского сбора, взимаемого на территории Республики Казахстан, и базовых минимальных и максимальных размеров ставок консульского сбора, взимаемого за пределами территории Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 февраля 2019 года № 74 «Об утверждении ставок консульского сбора, взимаемого на территории Республики Казахстан, и базовых минимальных и максимальных размеров ставок консульского сбора, взимаемого за пределами территории Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 74 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 666
- Қабылданған күні
- 23.09.2021
- Көрсетілген редакция
- 19.03.2024 158872_693492.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000666
- ЭКБ идентификаторы
- 158872
- Редакция идентификаторы
- 158872_693492
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:38
0
«Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 74 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 74 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерінде:
1-бөлімнің реттік нөмірі 2-жолы алып тасталсын;
6-бөлімнің реттік нөмірі 13-жолының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Бала тууды мемлекеттік тіркеу және тиiстi куәлік беру»;
6-бөлімнің реттік нөмірі 17-жолының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде тиісті куәліктер беру, сондай-ақ қажетті материалдарды ресімдеу».