Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Алматы от 20 сентября 2019 года №3/548 «Об утверждении положения о коммунальном государственном учреждении «Управление цифровизации города Алматы»

Қаулы · № 3/670 · қабылданған 29.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2019-no3548/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Алматы от 20 сентября 2019 года №3/548 «Об утверждении положения о коммунальном государственном учреждении «Управление цифровизации города Алматы» Қолданыста Қаулы ·№ 3/670 ·29.09.2025
29.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Алматы от 20 сентября 2019 года №3/548 «Об утверждении положения о коммунальном государственном учреждении «Управление цифровизации города Алматы»

Қолданыста Қаулы ·№ 3/670 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Алматы от 20 сентября 2019 года №3/548 «Об утверждении положения о коммунальном государственном учреждении «Управление цифровизации города Алматы»
Атауы (қаз.)
Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2019 жылғы 20 қыркүйектегі №3/548 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3/670
Қабылданған күні
29.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
06.10.2025
Көрсетілген редакция
29.09.2025 215148_777975.kaz
Соңғы өзгеріс
29.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25R003670A
ЭКБ идентификаторы
215148
Редакция идентификаторы
215148_777975
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 01:55

0 Алматы қаласы әкімдігінің

«Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы»
2019 жылғы 20 қыркүйектегі №3/548 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2019 жылғы 20 қыркүйектегі №3/548 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
16 тармақтағы:
1 тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, деректерді басқару талаптары саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;»;
15 тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«15) ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алу;».
22, 23-тармақшалар алынып тасталсын;
келесі мазмұндағы 30-3) - 30-20) тармақшаларымен толықтырылсын:
«30-3) байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
30-4) операторға «электрондық үкімет» веб-порталын ақпараттық толықтырып отыру үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды беру;
30-5) операторға деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік беру;
30-6) деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына беру;
30-7) инвестициялар тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
30-8) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдай жасау;
30-9) платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру;
30-10) Алматы қаласының шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
30-11) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
30-12) өз құзыреті шегінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сын тұрғыдан маңызды объектілеріне жататын объектілерді айқындау;
30-13) Алматы қаласы аумағында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
30-14) субъектінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректер мазмұнының және оларды өңдеу тәсілдерінің оларды өңдеу мақсаттарына сәйкестігі туралы жолданымдарын қарау және тиісті шешімдер қабылдау;
30-15) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының бұзылуына жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөніндегі шараларды қабылдау;
30-16) меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан анық емес немесе заңсыз жолмен алынған дербес деректерді нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды талап ету;
30-17) субъектілердің дербес деректер саласындағы құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру;
30-18) Алматы қаласы аумағында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің және орталық мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
30-19) Алматы қаласы аумағында электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
30-20) Алматы қаласы аумағында электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер мәселелеріне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру».

2 2. «Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1 1) Алматы қаласының әділет органдарына құрылтай құжатына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлауды;

2

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы