О внесении дополнений и изменений в решение Жамбылского районного маслихата от 20 октября 2019 года №38-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Жамбылскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в решение Жамбылского районного маслихата от 20 октября 2019 года №38-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Жамбылскому району»
- Атауы (қаз.)
- «Жамбыл ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы» Жамбыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 ақпандағы №38-3 шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 69-2
- Қабылданған күні
- 15.09.2020
- Қолданысқа енгізілген күні
- 28.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2021 146366_517246.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20GC004738
- ЭКБ идентификаторы
- 146366
- Редакция идентификаторы
- 146366_517246
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:49
0 «Жамбыл ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы» Жамбыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 ақпандағы №38-3 шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі №165 қаулысына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Жамбыл ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 ақпандағы №38-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4122 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік-құқықтық актілерді электрондық түрдегі электронды бақылау банкінде 2019 жылдың 04 сәуірінде жарияланған) келесі толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының 8 тармағы 6) тармақшасымен толықтырылсын:
«6) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 5 (бес) еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) инфекциясы бар кәмелетке толмаған балаларға Республикадағы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңмен бекітілген ең төменгі күн көріс деңгейінің 2 (екі) еселік мөлшерінде, мерзімді (ай сайын, 12 ай бойында) әлеуметтік көмек көрсетіледі. Әлеуметтік көмек өтінішпен жүгінген айдан бастап тиісті медициналық ұйымдардың анықтамасы негізінде тағайындалады.».
12 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.