О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2020 года № 126 «О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 16 марта 2020 года № 287 «О дальнейших мерах по стабилизации экономики»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2020 года № 126 «О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 16 марта 2020 года № 287 «О дальнейших мерах по стабилизации экономики»
- Атауы (қаз.)
- «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына өзгеріс мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 235
- Қабылданған күні
- 22.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 22.04.2020 142045_456286.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000235
- ЭКБ идентификаторы
- 142045
- Редакция идентификаторы
- 142045_456286
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:49
0 «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы
16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы
№ 126 қаулысына өзгеріс мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібінде:
11-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Бюджеттік инвестициялар және бюджеттік кредиттер тәсілімен қаржыландырылатын, осы Ерекше тәртіп шеңберінде республикалық бюджетте көзделген шығыстар, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығыстары бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарларында көзделеді және тиісті сараптамалар жүргізілмей бөлінеді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы шығыстар бойынша төлемдерді бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті корпоративтік шешімдері негізінде қаржы-экономикалық негіздемені және мемлекеттік инвестициялық ұсынысты ұсынбай жүргізеді.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» пилоттық жобасы бойынша кредиттік тұрғын үй құрылысын, Жұмыспен қамту жол картасының жағдайдың қолданылуы кезеңінде айқындалған іс-шараларын қаржыландыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алу және жергілікті атқарушы органдардың борыш лимитін белгілемей, ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығару түрінде жүзеге асырылады.
Төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» пилоттық жобасы бойынша кредиттік тұрғын үй құрылысын, Жұмыспен қамту жол картасының төтенше жағдай қолданылатын кезеңде айқындалған іс-шараларын қаржыландыру үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын жергілікті атқарушы органдар дербес айқындайды.
Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың 2020 жылға бекітілген лимит шеңберінде көзделген мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.».