Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2020 года № 126 «О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 16 марта 2020 года № 287 «О дальнейших мерах по стабилизации экономики»

Қаулы · № 264 · қабылданған 04.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2020-no-126-16-2020-no-287-ekb-142538/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2020 года № 126 «О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 16 марта 2020 года № 287 «О дальнейших мерах по стабилизации экономики» Қолданыста Қаулы ·№ 264 ·04.05.2020
04.05.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2020 года № 126 «О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 16 марта 2020 года № 287 «О дальнейших мерах по стабилизации экономики»

Қолданыста Қаулы ·№ 264 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2020 года № 126 «О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 16 марта 2020 года № 287 «О дальнейших мерах по стабилизации экономики»
Атауы (қаз.)
«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
264
Қабылданған күні
04.05.2020
Көрсетілген редакция
04.05.2020 142538_461134.kaz
Соңғы өзгеріс
04.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000264
ЭКБ идентификаторы
142538
Редакция идентификаторы
142538_461134
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:38

0 «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына (2020 жылғы

21 наурыздағы № 56 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібі:
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Көтерме-тарату орталықтарын жобалау және салу үшін қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз процент қатысатын заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлуге жол беріледі.
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жиынтық есептеулер мен негіздемелерді қоса бере отырып, ақша бөлу туралы өтінішхат ұсынады.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган өтінішхатты, жиынтық есептеулер мен негіздемелерді қарау нәтижелері бойынша қорытындыны бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жібереді.
Қазынашылық органдары көтерме-тарату орталықтарын жобалау және салу бойынша орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдерді орындалған жұмыс актілері мен жергілікті сметалардың негізінде төлем тапсырмасына сәйкес қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз процент қатысатын заңды тұлғаның шотынан жүзеге асырады.».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы