О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2020 года № 126 «О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 16 марта 2020 года № 287 «О дальнейших мерах по стабилизации экономики»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2020 года № 126 «О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 16 марта 2020 года № 287 «О дальнейших мерах по стабилизации экономики»
- Атауы (қаз.)
- «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 278
- Қабылданған күні
- 06.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2020 142676_461632.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000278
- ЭКБ идентификаторы
- 142676
- Редакция идентификаторы
- 142676_461632
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:35
0 «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы
№ 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына (2020 жылғы
21 наурыздағы № 56 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібінде:
4-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Ерекше тәртіптің ережелерін қолдану арқылы ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған (түзетілген) республикалық бюджетті қалыптастыру, нақтылау, түзету және атқару дағдарысты жағдайлар кезеңінде жүзеге асырылады.
Бюджеттік инвестициялар және бюджеттік кредиттер тәсілімен қаржыландырылатын жобалар, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобалары бойынша республикалық бюджетті қалыптастыру, нақтылау, түзету кезінде тиісті сараптамалар жүргізілмейді және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері негізінде нақтыланған (түзетілген) республикалық бюджет жобасына енгізіледі.».