Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 октября 2020 года № ҚР ДСМ - 144/2020 «Об утверждении перечня объектов высокой и незначительной значимости, подлежащих государственному контролю в сфере оказания медицинских услуг (помощи)»

Бұйрық · № 21 · қабылданған 18.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2020-no-1442020-ekb-197885/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 октября 2020 года № ҚР ДСМ - 144/2020 «Об утверждении перечня объектов высокой и незначительной значимости, подлежащих государственному контролю в сфере оказания медицинских услуг (помощи)» Қолданыста Бұйрық ·№ 21 ·18.06.2024
18.06.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 октября 2020 года № ҚР ДСМ - 144/2020 «Об утверждении перечня объектов высокой и незначительной значимости, подлежащих государственному контролю в сфере оказания медицинских услуг (помощи)»

Қолданыста Бұйрық ·№ 21 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 октября 2020 года № ҚР ДСМ - 144/2020 «Об утверждении перечня объектов высокой и незначительной значимости, подлежащих государственному контролю в сфере оказания медицинских услуг (помощи)»
Атауы (қаз.)
«Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын мәні жоғары және болмашы объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-144/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
21
Қабылданған күні
18.06.2024
Көрсетілген редакция
18.06.2024 197885_707529.kaz
Соңғы өзгеріс
18.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034522
ЭКБ идентификаторы
197885
Редакция идентификаторы
197885_707529
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:00

0

«Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын мәні жоғары және болмашы объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-144/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын мәні жоғары және болмашы объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы №ҚР ДСМ-144/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №21483 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын тәуекелі жоғары, орташа және төмен субъектілердің (объектілердің) тізбесін бекіту туралы»;
преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
««Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 30-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылауға жататын мәні жоғары, орташа және төмен тәуекел субъектілердің (объектілердің) тізбесі бекітілсін.»;
Аталған бұйрыққа қосымшамен бекітілген Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын мәні жоғары және болмашы объектілердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

0 Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын тәуекелі жоғары, орташа және төмен субъектілердің (объектілердің) тізбесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 18 маусымдағы
№ 21 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 20 қазаны
№ ҚР ДСМ - 144/2020
бұйрығына қосымша
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын тәуекелі жоғары, орташа және төмен субъектілердің (объектілердің) тізбесі

1 1. Тәуекелі жоғары бақылау субъектілері (объектілері):

1 1) Стационарлық көмек көрсететін субъетілер (объектілер) (аудандық аурухана, нөмірленген аудандық аурухана, көпбейінді ауданаралық аурухана, қалалық аурухана, көпбейінді қалалық аурухана, көпбейінді қалалық балалар ауруханасы, көпбейінді облыстық аурухана, көпбейінді облыстық балалар ауруханасы);

2 2) Босандыру субъектілері (объектілері);

3 3) Медициналық жедел жәрдем және медициналық авиация көрсететін субъектілер (объектілер);

4 4) Қан қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын субъектілер (объектілер);

5 5) Стоматологиялық емхана (орталық, кабинет);

6 6) Фтизиопульмонологиялық ұйымдар;

7 7) Онкологиялық орталық немесе диспансер;

8 8) Ядролық медицина орталығы;

9 9) Апаттар медицинасы ұйымдары;

10 10) АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары.

2 2. Тәуекелі орташа бақылау субъектілері (объектілері):

1 1) Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету субъектілері (объектілері) (медициналық пункт, фельдшерлік-акушерлік пункт, дәрігерлік амбулатория, медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы, нөмірленген аудандық емхана, аудандық емхана, қалалық емхана);

2 2) Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсететін субъектілер (объектілер);

3 3) Патологоанатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын субъектілер (объектілер);

4 4) Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын субъектілер (объектілер);

5 5) Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін субъектілер (объектілер);

6 6) Дәстүрлі медицинаның субъектілері (объектілері).

3 3. Тәуекелі төмен бақылау субъектілері (объектілері):

1 1) Қалпына келтіретін емдеуді және медициналық оңалтуды жүзеге асыратын бақылау субъектілері (объектілері);

2 2) Паллиативтік көмек пен мейіргер күтімін көрсететін бақылау субъектілері (объектілері);

3 3) Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсететін бақылау субъектілері (объектілері).

Қолданыстағы