О внесении изменений и дополнения в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 20 января 2020 года № 39 «Об утверждении форм налоговой отчетности и правил их составления»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 20 января 2020 года № 39 «Об утверждении форм налоговой отчетности и правил их составления»
- Атауы (қаз.)
- «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 588
- Қабылданған күні
- 31.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 14.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2026 229639_838463.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039784
- ЭКБ идентификаторы
- 229639
- Редакция идентификаторы
- 229639_838463
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 11.09.2026 03:33
0 «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 39 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақтың 13-1) және 13-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1) осы бұйрыққа 13-1-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы және үстеме пайда салығы бойынша декларация нысаны (150.00-нысан);
13-2) осы бұйрыққа 13-2-қосымшаға сәйкес «Корпоративтік табыс салығы бойынша және үстеме пайдаға салынатын салық бойынша декларация (150.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;»;
13-1-қосымша көрсетілген бұйрыққа осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 13-2-қосымшаға сәйкес бекітілген «Корпоративтік табыс салығы бойынша және үстеме пайдаға салынатын салық бойынша декларация (150.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Декларация декларацияның өзінен (150.00-нысан) және салықтық міндеттемені есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (150.01-150.14-ге дейінгі нысандар) тұрады.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Бұл нысан 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатын нысанға 14-қосымшаны қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.»;
21-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) 150.00.053 жолында алдыңғы салық кезеңдерінен келтірілген залалдар көрсетіледі. Бұл жолға 150.00.053 I жолының мәні қосылмайды;
150.00.053 I жолында салық кодексінің 300 - бабы 1-тармағының екінші бөлігінде айқындалған залалдар көрсетіледі. Осы жолдың мәні 150.00.053 жолына енгізілмейді және 150.02.046 жолының мәнін айқындау кезінде қатысады;»;
30-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) 150.01.051 жолында алдыңғы салық кезеңдерінен келтірілген залалдар көрсетіледі. Бұл жолға 150.01.051 I жолының мәні қосылмайды;
150.01.051 I жолында салық кодексінің 300-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде айқындалған залалдар көрсетіледі, осы жолдың мәні 150.01.051 жолына енгізілмейді және 150.01.053 жолының мәнін айқындау кезінде қатысады;»;
37-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) 150.02.044 жолында алдыңғы салық кезеңдерінен келтірілген залалдар көрсетіледі. Бұл жолға 150.02.044 I жолының мәні кірмейді;
150.02.044 I жолында салық кодексінің 300-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде айқындалған залалдар көрсетіледі. Осы жолдың мәні 150.02.044 жолына енгізілмейді және 150.02.046 жолының мәнін айқындау кезінде қатысады;»;
16-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«15 тарау. «Астана» халықаралық қаржы орталықта алынған кірістер»;
мынадай мазмұндағы 15-1-тараумен толықтырылсын:
«15-1-тарау. Салық кодексінің 223-бабы 6) тармақшасына сәйкес корпоративтік табыс салығын салу объектілері болып табылатын кіріс – 150.14-нысанын толтыру бойынша түсіндірме
64-1. Бұл нысан Салық кодексінің 223-бабының 6) тармақшасына сәйкес 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынатын 2025 жыл үшін мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар және ақша нарығының операциялары бойынша кірістер сомасы ретінде айқындалатын кірістерді көрсетуге арналған.
64-2. «Салық кодексінің 223-бабы 6) тармақшасына сәйкес корпоративтік табыс салығын салу объектілері болып табылатын кіріс» деген бөлімде:
1) 150.14.001-жолда мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінің (мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізуден болатын шығындарға азайтылған) сомасы көрсетіледі;
2) 150.14.002-жолда Салық кодексінің 279-бабына сәйкес айқындалған, бір жылға дейінгі мерзімге жасалған валютамен және пайыздық мөлшерлемелерді айырбастаумен жүргізілетін своп-операциялар бойынша кірістер (бір жылға дейінгі мерзімге жасалған валютамен және пайыздық мөлшерлемелерді айырбастаумен жүргізілетін своп-операциялар бойынша шығындар сомасына азайтылған) сомасы көрсетіледі;
3) 150.14.003-жолда бір жылға дейінгі мерзімге жасалған репо операциялары бойынша сыйақылар (бір жылға дейінгі мерзімге жасалған репо операциялары бойынша сыйақы түріндегі шығыстар сомасына азайтылған) сомасы көрсетіледі;
4) 150.14.004-жолда мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар сомасы көрсетіледі;
5) 150.14.005-жолда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) бір жылға дейінгі мерзімге орналастырылған салымдар (депозиттер) бойынша сыйақылар сомасы көрсетіледі.
64-3. «Салық кодексінің 223-бабы 6) тармақшасына сәйкес корпоративтік табыс салығын салу объектілері болып табылатын кірістер бойынша салықтық міндеттемені есептеу» деген бөлімде:
1) 150.14.006-жолда Салық кодексінің 313-бабына сәйкес КТС мөлшерлемесі пайызда көрсетіледі;
2) 150.14.007-жолда мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен алынған кірістен (мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізуден болатын шығындарға азайтылған) есептелген КТС көрсетіледі;
3) 150.14.008-жолда Салық кодекстің 279-бабына сәйкес айқындалған, бір жылға дейінгі мерзімге жасалған валютамен және пайыздық мөлшерлемелерді айырбастаумен жүргізілетін своп-операциялар бойынша кірістерден (бір жылға дейінгі мерзімге жасалған валютамен және пайыздық мөлшерлемелерді айырбастаумен жүргізілетін своп-операциялар бойынша шығындар сомасына азайтылған) есептелген КТС көрсетіледі;
4) 150.14.009-жолда бір жылға дейінгі мерзімге жасалған репо операциялары бойынша сыйақылар бойынша кірістен (бір жылға дейінгі мерзімге жасалған репо операциялары бойынша сыйақы түріндегі шығыстар сомасына азайтылған) есептелген КТС көрсетіледі;
5) 150.14.010-жолда мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар бойынша кірістен есептелген КТС көрсетіледі;
6) 150.14.011-жолда Ұлттық банкте бір жылға дейінгі мерзімге орналастырылған салымдар (депозиттер) бойынша сыйақылар бойынша кірістен есептелген КТС көрсетіледі;
7) 150.14.012-жолда есептелген КТС жалпы сомасы көрсетіледі. 150.14.007 + 150.14.008 + 150.14.009 + 150.14.010 + 150.14.011-жолдарының сомасы ретінде айқындалады.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің м.а.
2026 жылғы 31 тамыздағы
№ 588 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 20 қаңтардағы
№ 39-бұйрығына