О внесении изменений в решение Таласского районного маслихата от 20 апреля 2020 года № 71-6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Таласскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Таласского районного маслихата от 20 апреля 2020 года № 71-6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Таласскому району»
- Атауы (қаз.)
- «Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Талас аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі №71-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 79-2
- Қабылданған күні
- 29.09.2020
- Қолданысқа енгізілген күні
- 11.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2021 146886_512134.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20GJ004752
- ЭКБ идентификаторы
- 146886
- Редакция идентификаторы
- 146886_512134
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:35
0 «Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Талас аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі №71-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Талас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Талас аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 71-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4572 болып тіркелген, 2020 жылы 27 сәуірінде электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқыттық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) Үлгілік қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
3) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
4) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.».