О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 20 апреля 2020 года № 98 «Об утверждении Правил и условий проведения научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 20 апреля 2020 года № 98 «Об утверждении Правил и условий проведения научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры»
- Атауы (қаз.)
- «Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 98 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 06.01.2022
- Көрсетілген редакция
- 06.01.2022 164012_559206.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.01.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200026519
- ЭКБ идентификаторы
- 164012
- Редакция идентификаторы
- 164012_559206
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:48
0 «Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің
2020 жылғы 20 сәуірдегі № 98 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 98 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20439 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленіп тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу тәртібін және шарттарын айқындайды.»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ғылыми-жобалау құжаттамасы – тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарының көлемін және құрамын айқындайтын құжат, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектілерінің тарихи, сәулет-көркем келбетін сақтауды, жаңғыртуды, қайта жасауды қамтамасыз ету жөніндегі жобалық шешім;»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар жергілікті атқарушы органдармен жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде, уәкілетті органмен республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде жүргізіледі.
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары сондай-ақ олардың санатына қарамастан бюджеттен тыс қаражат есебінен, инвестицияларды тарту, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелері мен пайдаланушыларының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
6. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың көлемі және құрамы тарих және мәдениет ескерткішін зерделеу барысында әзірленетін ғылыми-жобалау құжаттамасымен айқындалады.
Тарих және мәдениет ескерткішінде жөндеу жүргізілген жағдайда жұмыстардың көлемі және құрамы ақаулы актімен айқындалады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Тарих және мәдениет ескерткішінде ғылыми-реставрациялық жұмыстарды қабылдауды бюджеттік бағдарлама әкімшісі немесе ғылыми-реставрациялық жұмыстарын қаржыландыруды бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырған жеке және (немесе) заңды тұлғалар техникалық (1950 жылдан кейін салынған қала құрылысы және сәулет ескерткіштерінде) және авторлық қадағалауларды және мүдделі тараптардың өкілдерін тарта отырып жүзеге асырады.».