Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в совместный приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 20 августа 2021 года № 457 и Министра энергетики Республики Казахстан от 23 августа 2021 года № 274 «Об утверждении Методики экономической оценки ущерба ресурсам недр»

Бұйрық · № 87-н/қ · қабылданған 07.09.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2021-no-457-23-2021-no-274-ekb-230101/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в совместный приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 20 августа 2021 года № 457 и Министра энергетики Республики Казахстан от 23 августа 2021 года № 274 «Об утверждении Методики экономической оценки ущерба ресурсам недр» Қолданыста 07.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в совместный приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 20 августа 2021 года № 457 и Министра энергетики Республики Казахстан от 23 августа 2021 года № 274 «Об утверждении Методики экономической оценки ущерба ресурсам недр»

Қолданыста Бұйрық № 87-н/қ 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в совместный приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 20 августа 2021 года № 457 и Министра энергетики Республики Казахстан от 23 августа 2021 года № 274 «Об утверждении Методики экономической оценки ущерба ресурсам недр»
Атауы (қаз.)
«Жер қойнауы ресурстары залалын экономикалық бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 тамыздағы № 457 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 23 тамыздағы № 274 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
87-н/қ
Қабылданған күні
07.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
07.09.2026
Көрсетілген редакция
07.09.2026 I230101_1.kaz
Соңғы өзгеріс
07.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039898
ЭКБ идентификаторы
230101
Редакция идентификаторы
I230101_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
19.09.2026 03:41
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

««Жер қойнауы ресурстары залалын экономикалық бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 тамыздағы № 457 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 23 тамыздағы № 274 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫЗ:

1. «Жер қойнауы ресурстары залалын экономикалық бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 тамыздағы № 457 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 23 тамыздағы № 274 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24132 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Жер қойнауы ресурстары залалын экономикалық бағалау әдістемесінде:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшері Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 141 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17030 болып тіркелген) көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес айқындалады.
Уран өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшері «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 174-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген тәртіппен айқындалады»;
6-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауын заңсыз пайдалану, оның ішінде пайдалы қазбаларды заңсыз алу (өндіру) нәтижесінде келтірілген залалды экономикалық бағалау мөлшерін айқындау үшін қажетті мәліметтер жеткіліксіз болған жағдайда, пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органның, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның және уран саласындағы уәкілетті органның, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының лауазымды адамдары қосымша материалдар сұратады»;
17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«17. Кең таралған пайдалы қазбаларды (бұдан әрі – КТПҚ) өндіру кезінде жер қойнауын заңсыз пайдалану нәтижесіндегі келтірілген залалдың мөлшері астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органымен мынадай формула бойынша айқындалады:
З = (ӨкӨқ) + (ӨкӨқБмм),
мұнда:
З – жер қойнауы ресурстарына келтірілген залалдың мөлшері;
Өк– заңсыз өндірілген пайдалы қазбалардың көлемі, тонна/текше метр;
Өқ – заңсыз өндірілген КТПҚ құны;
Бмм– залал мөлшері айқындалатын айдың бірінші жұмыс күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеменің мөлшері,%».

2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атом өнеркәсібі және жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс, энергетика вице-министрлеріне жүктелсін.

4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының Экология және
табиғи ресурстар министрлігі