Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 20 октября 2021 года № 481 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление культуры акимата Костанайской области»

Қаулы · № 292 · қабылданған 23.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2021-no-481-ekb-198988/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 20 октября 2021 года № 481 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление культуры акимата Костанайской области» Қолданыста Қаулы ·№ 292 ·23.07.2024
23.07.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 20 октября 2021 года № 481 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление культуры акимата Костанайской области»

Қолданыста Қаулы ·№ 292 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 20 октября 2021 года № 481 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление культуры акимата Костанайской области»
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 481 «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
292
Қабылданған күні
23.07.2024
Көрсетілген редакция
23.07.2024 198988_711505.kaz
Соңғы өзгеріс
23.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24N000292A
ЭКБ идентификаторы
198988
Редакция идентификаторы
198988_711505
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:26

0 Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 481 «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2021 жылғы 20 қазандағы № 481 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақтың 37) және 38) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«37) орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының және ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
38) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы ұсынымдар береді, өкілеттіктері шегінде бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды;».

2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар етуді;

2

2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы