О внесении изменения и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 20 февраля 2021 года № 515 «О некоторых вопросах Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 20 февраля 2021 года № 515 «О некоторых вопросах Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 355
- Қабылданған күні
- 16.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 16.09.2023 186177_655976.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U2300000355
- ЭКБ идентификаторы
- 186177
- Редакция идентификаторы
- 186177_655976
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:46
0 Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс
«Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге де шараларды қабылдайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның жүргізуіне жатқызылған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Агенттік өз құзыреті шегінде шешімдерді қабылдауда дербес болады.»;
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 33-1) және 33-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«33-1) заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындау;
33-2) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен бірлескен нормативтік құқықтық актіде активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты электрондық нысанда беру тәртібін айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:
«34-1) заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін жүргізу;»;
мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
«Халықаралық экономика және қаржы академиясы» акционерлік қоғамы».