Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 20 февраля 2021 года № 515 «О некоторых вопросах Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу»

Жарлық · № 946 · қабылданған 14.07.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2021-no-515/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 20 февраля 2021 года № 515 «О некоторых вопросах Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу» Қолданыста Жарлық ·№ 946 ·14.07.2025
14.07.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 20 февраля 2021 года № 515 «О некоторых вопросах Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу»

Қолданыста Жарлық ·№ 946 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 20 февраля 2021 года № 515 «О некоторых вопросах Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
946
Қабылданған күні
14.07.2025
Көрсетілген редакция
14.07.2025 212370_765727.kaz
Соңғы өзгеріс
14.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U2500000946
ЭКБ идентификаторы
212370
Редакция идентификаторы
212370_765727
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:19

0 «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ережеде:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге де шараларды қабылдайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның жүргізуіне жатқызылған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Агенттік өз құзыреті шегінде шешімдерді қабылдауда дербес болады.
2. Агенттіктің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада аумақтық органдары және мамандандырылған мемлекеттік мекемесі, сондай-ақ қарамағындағы ұйымдары бар;»;
15-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Заңға сәйкес қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды және пайдалануды жүзеге асыру;»;
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«31) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу тәртібін айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 35-3) тармақшамен толықтырылсын:
«35-3) өз құзыреті шегінде «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағында көзделген өкілеттіктерді іске асыру;»;
19-тармақта:
1) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Агенттіктің жұмысына басшылық жасауды және қызметін үйлестіруді ұйымдастырады және жүзеге асырады, Агенттіктің аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің, сондай-ақ Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;»;
«13) қызметке кандидаттың кәсіптік құзыреттерін, түйінді көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібі мен әдістерін бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) және 13-2) тармақшаларымен толықтырылсын:
«13-1) жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу тәртібін, кезеңдерін және мерзімдерін айқындайды;
«13-2) психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізудің тәртібі мен әдістерін құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлесіп бекітеді;»;
24) және 26) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 36-1) тармақшамен толықтырылсын:
«36-1) Агенттіктің қарамағындағы ұйымдарға ақпараттық жүйелерден ақпарат, мәліметтер және өзге де құжаттарды беру қағидаларын бекітеді;».

2 2. Осы Жарлық 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 1-тармағының он екінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы