О внесении изменения в приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 20 октября 2021 года № 566-НҚ «Об утверждении перечня измерений, относящихся к государственному регулированию»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 20 октября 2021 года № 566-НҚ «Об утверждении перечня измерений, относящихся к государственному регулированию»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 566-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 347-НҚ
- Қабылданған күні
- 21.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 21.09.2023 186426_655334.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033453
- ЭКБ идентификаторы
- 186426
- Редакция идентификаторы
- 186426_655334
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:42
0 «Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 566-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 566-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24864 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
1 Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесі
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
Бірінші вице-министрі
2023 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 347-НҚ бұйрығына
қосымша
Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесі
№
Объектісі мен қолданылу саласы көрсетілген өлшемдер атауы
Метрологиялық талаптар
Ескертпе
Өлшеу диапазоны
Шекті жол берілетін қателік немесе дәлдік сыныбы
1
2
3
4
5
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету және мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында
1
Мемлекеттік Тудың геометриялық өлшемдерін өлшеу
0-ден 500 мм дейін
0-ден 2000 мм дейін
0-ден 4000 мм дейін
МЕМСТ 7502 "Металл өлшеуіш рулетка. Техникалық шарттар" бойынша 2 дәлдік сыныбы
2
Мемлекеттік Елтаңбаның геометриялық өлшемдерін өлшеу
0-ден 1000 мм дейін
0-ден 3000 мм дейін
МЕМСТ 7502 "Металл өлшеуіш рулетка. Техникалық шарттар" бойынша 2 дәлдік сыныбы
3
Мемлекеттік Елтаңба мен Мемлекеттік Ту үлгілерінің және Мемлекеттік Елтаңба мен Мемлекеттік Ту бейнеленген материалдық объектілердің немесе оның рәміздері элементтерінің түстілігін өлшеу
Шектеусіз
Түс координаттарын өлшеудің абсолютті қателігі ± 2;
түс координаттары ± 0,02
4
Орау, сату және импорттау кезіндегі кез келген түрдегі қаптамада өлшенген тауарлардың массасын өлшеу
Шектеусіз
Өлшеу құралдарының дәлдік сыныбы мен түріне байланысты
5
Орау, сату және импорттау кезіндегі кез келген түрдегі қаптамада өлшенген тауарлардың температурасын өлшеу
Минус 50 °С-ден 50 °С дейін
∆ = ± 0,2 °С
6
Орау, сату және импорттау кезіндегі кез келген түрдегі қаптамада өлшенген тауарлардың көлемін өлшеу
Шектеусіз
σ = ± 0,1 %
7
Орау, сату және импорттау кезіндегі кез келген түрдегі қаптамада өлшенген тауарлардың ылғалдылығын өлшеу
20-дан 90 % дейін,
σ = ± 0,5 %
8
Масса немесе көлем бірліктерімен көрсетілген кез келген түрдегі қаптамада өлшенген өнімдердің мөлшерін өлшеу
0-ден 15000 г (мл) дейін,
Массаны немесе көлемді өлшеуге арналған құралдардың метрологиялық талаптарына сәйкес
Сауда саласында
9
Өндірілген және іске асырылатын өнімнің геометриялық параметрлерін өлшеу, олардың нәтижелері сатып алушы мен сатушы арасындағы сауда-коммерциялық операцияларда қолданылады
0-ден 50000 мм дейін
∆ = ± (0,5 ÷ 1,5) мм
5000 мм жоғары
σ = ± 2 %
10
Сауда-коммерциялық операциялар кезінде қолданылатын тауар/өнімнің салмағын өлшеу
Шектеусіз
«Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлеккеттік жүйесі.Таразы автоматты әрекет емес» МЕМСТ OIML R 76-1 бойынша III дәлдік сыныбы
Ауылшаруашылық жәрмеңкелерде қатысатын тауарларды/өнімдерді есепке алмағанда
📌 Ескертпе. Негізгі қолданылатын қысқартулар:
мм – миллиметр;
г – грамм;
мл – миллилитр;
0С – градус