О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 августа 2021 года № ҚР ДСМ-88 «Об определении перечня лекарственных средств и медицинских изделий, закупаемых у единого дистрибьютора»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 августа 2021 года № ҚР ДСМ-88 «Об определении перечня лекарственных средств и медицинских изделий, закупаемых у единого дистрибьютора»
- Атауы (қаз.)
- «Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-88 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- ҚР ДСМ -28
- Қабылданған күні
- 26.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2022 165679_605130.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200027252
- ЭКБ идентификаторы
- 165679
- Редакция идентификаторы
- 165679_605130
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:55
0 «Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-88 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24078 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың тізбесінде:
реттік нөмірі 138-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
138.
B02BD02
А гемофилияның ингибиторлық нысаны бар балалар жасындағы пациенттер үшін VIII плазмалық қанның ұю факторы ***
Жарамдылықтың барлық мерзімі ішінде 25˚С дейін температура кезінде сақтау мүмкіндігі бар, оның ішінде иммундық толеранттылықты индукциялау әдісімен гемофилияның ингибиторлық нысанын емдеу үшін, құрамында альбумин, сахароза және полиэтиленгликоль жоқ, қос вирустық инактивациядан өткен,соның ішінде сольвент-детергент әдісімен еріткіші және енгізуге арналған жинағы бар құтыдағы венаішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат
ХБ
»;
реттік нөмірілері 140, 141, 142 және 143-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
140.
B02BD02
Кіші жастағы балаларда (12 жасқа дейін) қолдануды шектей отырып, Виллебранд ауруын емдеуге көрсетілімі жоқ VIII плазмалық қанның ұю факторы ***
ерітінді дайындауға арналған лиофилизат
ХБ
141.
B02BD02
Виллебранд ауруын емдеуге көрсетілімі жоқ VIII плазмалық қанның ұю факторы ***
ерітінді дайындауға арналған лиофилизат
ХБ
142.
B02BD02
12 жасқа дейінгі балаларғ а қолдану мүмкіндігі бар VIII рекомбинантты қанның ұю факторы ***
инъекцияға арналған лиофилизирленген ұнтақ
ХБ
143.
B02BD02
VIII рекомбинантты қанның ұю факторы ***
инъекцияға арналған лиофилизирленгенн ұнтақ / инъекцияға арналған ерітінді дайындау үшін лиофилизат
ХБ
»;
реттік нөмірі 318-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
318.
H01AC01
Соматропин ****
инъекцияға арналған ерітінді/ инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ
мг
»;
реттік нөмірлері 319, 320, 321, 775 және 811-жолдар алып тасталсын;
сілтеме:
«* Таблеткаға мыналар жатады: таблетка, қабықпен қапталған таблетка, үлбірлі қабықпен қапталған таблетка, ішекте еритін қабықпен қапталған таблетка, ұсақталатын таблетка, соруға арналған таблетка, көпіршитін таблетка, ұзақ әсер ететін таблетка;
Ұзақ әсер ететін таблеткаға: ұзақ әсер ететін таблетка, таблетка ретард, ұзақ уақыт босап шығатын таблетка, модицикацияланып босап шығатын таблетка, әсер етуі ұзаққа созылатын таблетка, баяу босап шығатын таблетка, босап шығуы бақыланатын таблетка жатады;
Капсулаға: капсула, қатты капсула, ішекте еритін капсула, әсер етуі ұзаққа созылатын капсула жатады;
Әсер етуі ұзаққа созылатын капсулаға: әсер етуі ұзаққа созылатын капсула, ұзақ уақыт босап шығатын капсула, капсула ретард, модификацияланып босап шығатын капсула, ұзақ уақыт босап шығатын капсула, баяу босап шығатын капсула, босап шығуы бақыланатын капсула жатады.
** жекелеген ауруларда қолдану үшін
*** жеткізу медициналық ұйымдардың қажеттілігіне қарай шығарылу нысанында жүзеге асырылады.»
мындай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе:
* Таблеткаға мыналар жатады: таблетка, қабықпен қапталған таблетка, үлбірлі қабықпен қапталған таблетка, ішекте еритін қабықпен қапталған таблетка, ұсақталатын таблетка, соруға арналған таблетка, көпіршитін таблетка, ұзақ әсер ететін таблетка;
Ұзақ әсер ететін таблеткаға: ұзақ әсер ететін таблетка, таблетка ретард, ұзақ уақыт босап шығатын таблетка, модицикацияланып босап шығатын таблетка, әсер етуі ұзаққа созылатын таблетка, баяу босап шығатын таблетка, босап шығуы бақыланатын таблетка жатады;
Капсулаға: капсула, қатты капсула, ішекте еритін капсула, әсер етуі ұзаққа созылатын капсула жатады;
Әсер етуі ұзаққа созылатын капсулаға: әсер етуі ұзаққа созылатын капсула, ұзақ уақыт босап шығатын капсула, капсула ретард, модификацияланып босап шығатын капсула, ұзақ уақыт босап шығатын капсула, баяу босап шығатын капсула, босап шығуы бақыланатын капсула жатады.
** жекелеген аурулар кезінде қолдану үшін
*** жеткізу медициналық ұйымдардың қажеттілігіне қарай шығарылу нысанында жүзеге асырылады
**** сатып алу медициналық ұйымдардың қажеттілігіне сәйкес дәрілік нысанда және Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды дозасында жүзеге асырылады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.