О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 августа 2021 года № ҚР ДСМ-88 «Об определении перечня лекарственных средств и медицинских изделий, закупаемых у единого дистрибьютора»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 августа 2021 года № ҚР ДСМ-88 «Об определении перечня лекарственных средств и медицинских изделий, закупаемых у единого дистрибьютора»
- Атауы (қаз.)
- «Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-88 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 90
- Қабылданған күні
- 10.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 23.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 10.08.2026 228706_840391.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26RR000090
- ЭКБ идентификаторы
- 228706
- Редакция идентификаторы
- 228706_840391
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 18.09.2026 04:12
0 «Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-88 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24078 тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың тізбесінде:
реттік нөмірі 318-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
318.
H01AC01
Соматропин
инъекцияға арналған ерітінді/ инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ 6 мг
картридж/ құты
»;
реттік нөмірлері 1291–1293-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 1307-1314-жолдармен толықтырылсын:
«
1307.
L04AC05
Устекинумаб
псориаз және псориазды артрит ауруы бар пациенттерді емдеу үшін алдын ала толтырылған шприцтердегі инъекцияға арналған 45 мг/0,5 мл ерітінді (препараттың әрбір бірлігімен қосымша препараттың 1 бірлігі тегін беріледі)
шприц
1308.
L04AC05
Устекинумаб
Крон ауруы және ойық жара колиті ауруы бар пациенттерді емдеу үшін инъекцияға арналған ерітінді 90 мг/1 мл (препараттың әрбір бірлігімен қосымша препараттың 1 бірлігі тегін беріледі)
шприц
1309.
H01AC01
Соматропин
инъекцияға арналған ерітінді/ инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ 10 мг
картридж/ құты
1310.
H01AC01
Соматропин
инъекцияға арналған ерітінді/ инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ 12 мг
картридж/ құты
1311.
H01AC01
Соматропин
инъекцияға арналған ерітінді/ инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ 15 мг
картридж/ құты
1312.
H01AC01
Соматропин
инъекцияға арналған ерітінді/ инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ 20 мг
картридж/ құты
1313.
J07AL02
Пневмококктық тазартылған полисахаридті конъюгацияланған антиген
полисахаридті конъюгацияланған белсенділігі жойылған 20 валентті адсорбцияланған пневмококкты вакцина, бұлшықет ішіне енгізуге арналған cуспензия, 0,5 мл/доза
шприц/ доза
1314.
L01FX14
Полатузумаб ведотин
инфузияға арналған ерітінді дайындау үшін концентрат дайындауға арналған лиофилизат, 140 мг (препараттың әрбір 5 бірлігіне қосымша препараттың 1 бірлігі тегін беріледі)
құты
».
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;