Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Нуринского района Карагандинской области от 20 апреля 2022 года № 12/01 «О расширении категории получателей услуг инватакси»

Қаулы · № 22/04 · қабылданған 19.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2022-no-1201/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Нуринского района Карагандинской области от 20 апреля 2022 года № 12/01 «О расширении категории получателей услуг инватакси» Қолданыста Қаулы ·№ 22/04 ·19.06.2023
19.06.2023 редакциясы
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Нуринского района Карагандинской области от 20 апреля 2022 года № 12/01 «О расширении категории получателей услуг инватакси»

Қолданыста Қаулы ·№ 22/04 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Нуринского района Карагандинской области от 20 апреля 2022 года № 12/01 «О расширении категории получателей услуг инватакси»
Атауы (қаз.)
Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 12/01 «Инватакси қызметтерін алушылар санатын кеңейту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
22/04
Қабылданған күні
19.06.2023
Көрсетілген редакция
19.06.2023 183061_637811.kaz
Соңғы өзгеріс
19.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23KN643409
ЭКБ идентификаторы
183061
Редакция идентификаторы
183061_637811
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:19

0 Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі

№ 12/01 «Инватакси қызметтерін алушылар санатын кеңейту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі

№ 12/01 «Инватакси қызметтерін алушылар санатын кеңейту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №27792 болып тіркелген), мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» 31 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8950 болып тіркелген) сәйкес, Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Нұра ауданының аумағында инватакси қызметін алушылардың санаттары келесі тұлғалар санаттарымен кеңейтілсін:
1) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
2) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар.».

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы