Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 20 мая 2022 года № 169 «Об утверждении правил учета домашних животных и перечня домашних животных, подлежащих учету»

Бұйрық · № 160 · қабылданған 12.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2022-no-169/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 20 мая 2022 года № 169 «Об утверждении правил учета домашних животных и перечня домашних животных, подлежащих учету» Қолданыста 12.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 20 мая 2022 года № 169 «Об утверждении правил учета домашних животных и перечня домашних животных, подлежащих учету»

Қолданыста Бұйрық № 160 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 20 мая 2022 года № 169 «Об утверждении правил учета домашних животных и перечня домашних животных, подлежащих учету»
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 169 «Үй жануарларын есепке алу қағидаларын және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
160
Қабылданған күні
12.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
28.08.2026
Көрсетілген редакция
12.08.2026 228809_838519.kaz
Соңғы өзгеріс
12.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039584
ЭКБ идентификаторы
228809
Редакция идентификаторы
228809_838519
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 04:11
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 169 «Үй жануарларын есепке алу қағидаларын және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 169 «Үй жануарларын есепке алу қағидаларын және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесін бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 мамырда № 28148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Үй жануарларын есепке алу қағидаларында:
3-тармақта:
3), 6), 10), 15) және 21) тармақшалар алып тасталсын;
8) тармақшадағы «болюстер,» деген сөз алып тасталсын;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) жануарларды уақытша ұстау пункті – табылған, ауланған қараусыз қалған және иесіз жануарларды, ұстаудан бас тартуына байланысты иелері немесе жауапты адамдар берген үй жануарларын (компаньон – жануарларды), сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын уақытша ұстауға әдейі арналған және жабдықталған мүліктік кешен;»;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) тіркеуші – ветеринария саласындағы емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар, сондай-ақ астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік заңды тұлғалар;»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Иттер мен мысықтарды есепке алу үй жануарларын есепке алудың міндетті бұйымы (құралы) ретінде чипті пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Өзге үй жануарларын есепке алу үшін үй жануарының иесі есепке алу бұйымын (құралын) өз бетінше таңдайды және сатып алады.»;
12-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
13-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) үй жануары чипінің нөмірі, ал иттер мен мысықтар үшін – міндетті түрде.».

2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі