Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 20 мая 2022 года № 171 «Об утверждении правил вакцинации и стерилизации бродячих животных»

Бұйрық · № 173 · қабылданған 21.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2022-no-171/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 20 мая 2022 года № 171 «Об утверждении правил вакцинации и стерилизации бродячих животных» Күшіне енбеген 21.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 20 мая 2022 года № 171 «Об утверждении правил вакцинации и стерилизации бродячих животных»

Күшіне енбеген Бұйрық № 173 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 20 мая 2022 года № 171 «Об утверждении правил вакцинации и стерилизации бродячих животных»
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 171 «Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және стерилизациялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
173
Қабылданған күні
21.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
20.09.2026
Көрсетілген редакция
21.08.2026 229738_840678.kaz
Соңғы өзгеріс
21.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039738
ЭКБ идентификаторы
229738
Редакция идентификаторы
229738_840678
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 19:02
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 20.09.2026.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 171 «Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және стерилизациялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 171 «Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және стерилизациялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 мамырда № 28155 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды стерилизациялау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды стерилизациялау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және стерилизациялау қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды стерилизациялау қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды стерилизациялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды стерилизациялауды жүргізу тәртібін айқындайды.»;
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) иесіз жануарлар – иесі жоқ немесе үй жануарларын есепке алуда тұрмайтын иттер мен мысықтар;»;
3) тармақша алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды стерилизациялау кезінде жүзеге асырылатын барлық ветеринариялық оқиғалар мен әрекеттер деректер базасында тіркелуге жатады, оған қол жеткізу орталық мемлекеттік органдарға, ведомстволарға және олардың аумақтық бөлімшелеріне, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың жұмыскерлеріне, сондай-ақ ветеринария саласындағы емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға өтеусіз негізде беріледі.»;
2-тарау алып тасталсын;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды стерилизациялауды жүргізу тәртібі»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Иттерді қоспағанда, иесіз жануарлардың санын реттеу стерилизациялау, иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды жайластыру, халықпен білім беру іс-шараларын және түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы иттерді қоспағанда, иесіз жануарлардың санын азайту үшін мемлекет, жануарларды аулаумен, уақытша ұстаумен және жансыздандырумен айналысатын дара кәсіпкерлер мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар қабылдайтын шаралар кешенін білдіреді.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Иттерді қоспағанда, иесіз жануарды стерилизациялау туралы ақпарат деректер базасында ит болып табылмайтын иесіз жануардың жеке нөмірін, стерилизациялау орнын міндетті түрде көрсете отырып тіркелуге жатады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Жануарларды уақытша ұстау пункттері ит болып табылмайтын иесіз жануарды стерилизациялау мақсатында операциялық бөлмені өрістетуге арналған үй-жаймен жабдықталады. Иттерді қоспағанда иесіз жануарды мерзімінен бұрын стерилизациялауға жол бермеу мақсатында стерилизациялау туралы шешім уақытша ұстау пунктінде болған 4 (төртінші) тәулікте қабылданады. Иттерді қоспағанда иесіз жануарды стерилизациялау шешім қабылданғаннан кейін келесі тәулікте ветеринария саласындағы мамандық бойынша білімі бар адам жүргізеді.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Иттерді қоспағанда, иесіз жануарды стерилизациялау туралы шешім оны қарап-тексеру нәтижелері бойынша оның түрін, жасын, физиологиялық жай-күйін ескере отырып қабылданады және деректер базасында тіркелуге жатады. Стерилизациялау туралы шешімді ветеринария саласындағы маман қабылдайды.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Иттерді қоспағанда иесіз жануарды стерилизациялау туған сәтінен бастап алты айлық жасынан ерте жүргізілмейді.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Иттерді қоспағанда иесіз жануарды стерилизациялау кезінде жануарға жануардың жеке нөмірі бар есепке алу бұйымы (құралы) салынады.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Стерилизациялаудан кейін иттерді қоспағанда, иесіз жануарлар операциядан кейінгі күтімге арналған жағдайлары бар вольерлермен (торлармен, бөліктермен) жабдықталған стационарда ұсталады.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Иттерді қоспағанда, иесіз жануарларға стерилизациялаудан кейін операциядан кейінгі күтім ұзақтығы операциядан кейінгі асқынулар болмаған кезде ұрғашылары үшін кемінде 10 (он) күнтізбелік күнді және еркектері үшін 3 (үш) күнтізбелік күнді құрайды.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Операциядан кейін уақытша панажайларда ұсталатын иттерді қоспағанда, иесіз жануарларға операциядан кейінгі күтімді ветеринария саласындағы мамандық бойынша білімі бар адам жүзеге асырады.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Иттерді қоспағанда, иесіз жануардың стерилизациялаудан кейін операциядан кейінгі күтім жөніндегі іс-шаралар аяқталғанға дейін панажайдан шығуына жаңа иесіне және (немесе) жауапты адамға оның деректер базасы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен қалыптастырылатын, берілетін және қол қойылатын өтінімі бойынша берілген жағдайда ғана жол беріледі.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Агрессия көрсетпейтін иттерді қоспағанда, иесіз жануарлар оларға қатысты стерилизациялау жөніндегі іс-шаралар аяқталғаннан кейін бұрынғы мекендеген жерлеріне қайтарылуға жатады.»;
Қағидаларға қосымша алып тасталсын.

2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық даму
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі